Саманилер мен Қараханидтер дәуіріндегі Матуридилік ойдың қалыптасуы мен дамуы
105 113
Кілт сөздер:
әл-Матуридия, ханафилік, Саманилер, Қарахандықтар, кәләм, СамарқандАңдатпа
Бұл мақала Мәуереннахрдағы ханафи кәләмының Саманилер және Қарахандықтар дәуірлерінде бастан өткерген трансформациясын негізгі өзек ете отырып, әл-Матуридия ілімінің қалыптасуы мен институттану үдерістерін тарихи-әлеуметтанулық тұрғыдан талдайды. Зерттеу Самарқанд пен Бұхара аймағында қалыптасқан екі өңірлік ғылыми ортаны риуаят тізбектері, биографиялық деректер және рибаттардың ғылыми-әлеуметтік қызметі негізінде салыстырмалы түрде қарастырады. Саманилер кезеңінде қармат/исма‘или ағымына қарсы күреспен күшейген «әһл әс-сунна уә-л-жама‘а» дискурсының уақыт өте келе өзге ой ағымдарына қысым жасау тетігіне айналуы Самарқанд кәләмында тарылуға және «адалдық/берілгендік» өлшеміне сүйенген бағалау режимінің қалыптасуына алып келгені көрсетіледі. Ал Қарахандықтар дәуірінде Насафтан шыққан ғалымдардың (әсіресе Әбу-л-Йуср әл-Паздауи және Әбу-л-Му‘ин ән-Насафи) ықпалымен Әбу Мансур әл-Матуридидің ойлары жүйеленіп, әл-Матуридия ханафи мазхабының өкілдік әлеуеті жоғары кәләм дәстүріне айналған. Зерттеу Самарқанд пен Бұхара алаптарында қалыптасқан екі өңірлік ғылыми-ілімдік бағытты салыстыра отырып, ханафи кәләмының трансформациясын тарихи-әлеуметтанулық тұрғыдан талқылауды мақсат етеді. Зерттеудің негізгі тәсілі биографиялық дереккөздер мен иснад мәліметтерін рибаттардың қызметі және қалалық әлеуметтік топтардың (ғазилер, зүһһад, саудагерлер, бюрократия) өзара байланыстары аясында талдау болып табылады. Осы арқылы әл-Матуридияның «дағдарыс-қайта құру-институционалдану» осы бойынша қалай айқындалғаны; қандай актёрлер, мәтіндер және саяси жағдайлар арқылы ханафи мазхабының өкілдік әлеуеті жоғары кәләм дәстүріне айналғаны көрсетіледі.



