Журнал туралы
«Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)» журналы университеттің құрылтайшылығымен ашылып, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлігі №15721-Ж (04.12.2015ж.) алынды. Журнал 2016 жылғы мамыр айынан бастап Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында тіркелген (ISSN 2524-0080).
Журналдың мерзімділігі: жылына 4 рет шығарылады.
Әр мақалаға DOI – объектінің цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол электрондық құжаттарға сілтеме жасауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Журналдың редакциялық алқа құрамында қазақстандық және шетелдік ғалымдар бар.
Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ басқа да шетелдердегі барлық ұйымдардан төрт тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады. Мақала журнал сайтында толық мәтінде 4 тілде орналастырылады.
Журналдың тақырыптық бағыты –математика, физика және информатика салаларындағы тек ғылыми бағыттағы зерттеулер нәтижелерін жариялайды.
Ағымдағы шығарылым
Барлық шығарылымдар
МАТЕМАТИКА
ФИЗИКА
