Ислам өркениетіндегі білімнің діни-эпистемологиялық концепті және оның қазіргі Қазақстан мұсылмандары арасындағы қабылдануы
27 18
Кілт сөздер:
білім, ислам эпистемологиясы, діни таным, Ғазали, Матуриди, Қазақстан мұсылмандары, медресе, интернет-уағызАңдатпа
Мақалада ислам өркениетіндегі білім түсінігінің діни-эпистемологиялық негіздері қарастырылып, оның қазіргі Қазақстан мұсылмандарының діни санасы мен білімді қабылдау ерекшеліктеріне талдау жасалады. Ислам дәстүрінде ‘ілім (білім) қасиетті құндылық деп танылып, Құран аяттары мен хадистерде білім алудың маңыздылығы ерекше атап өтіледі. Классикалық ислам ойшылдары (Ғазали, Матуриди және т.б.) білімнің көздері мен түрлерін жан-жақты талдап, ақыл-ой мен уахидың өзара байланысын негіздеген. Мақала исламдық таным дәстүрі мен қазіргі зайырлы білім жүйесінің өзара ықпалдасуын Қазақстан қоғамы контексінде қарастырады. Кеңестік кезеңнен кейінгі қазақ мұсылмандарының діни білімге қызығушылығы артып, медресе-университет жүйесі қалпына келуде, сонымен бірге интернет пен әлеуметтік желілер жаңа діни білім алу алаңына айналды. Зерттеу нәтижелері исламдағы білім концепті қазіргі қазақ мұсылмандарының дүниетанымында маңызды орын алатынын, алайда жаһандану дәуірінде дәстүрлі діни танымның жаңа коммуникация жағдайында қабылдануы күрделенгенін көрсетеді. Мақалада классикалық және заманауи дереккөздерге сүйенген талдау арқылы Қазақстандағы мұсылман қауымының білімге қатысты көзқарастарының эволюциясы байқатылып, діни білімді тиімді сіңіру жолдары ұсынылады.



