The Алтын Орда кезеңіндегі діни танымның қалыптасуында Ханафи мәзһабының рөлі

0 0

Авторлар

  • Самет Оқанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Құдайберді Бағашаров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

Алтын Орда, ислам, хандар, Ханафи мәзһабы, құқық, Өзбек хан

Аңдатпа

Мақалада Алтын Орда кезеңіндегі діни танымның қалыптасуында Ханафи мәзһабының рөлі айқындалады. XIII-XV ғасырларда өмір сүрген әйгілі ортағасырлық мемлекет ретінде Алтын Орда мемлекетінде ислам дінін қабылдау маңызды тарихи кезеңдердің бірі ретінде саналады. Айтулы хандардың ислам дінін қабылдауы халықтың мұсылмандық жолға түсуіне түрткі болған факторлардың біріне жатады. Алғашқылардың бірі болып ислам дінін қабылдаған Берке хан (1255-1266) мұсылмандықты хандыққа енгізіп, Алтын Ордада исламның таралуына зор ықпал етті. Берке ханның билігі кезінде ислам діні моңғол ақсүйектері арасында тарала бастағаны мәлім. Ал өз кезегінде Өзбек хан (1313-1340) исламды Алтын Орданың ресми діні ретінде жариялады. Оның билігі кезінде ислам діні мемлекетте кеңінен таралып, мәдениет пен саясатқа үлкен әсер етті. Жәнібек хан өз билігі тұсында Өзбек ханның ісін жалғастырып, ислам дінінің ықпалын одан әрі нығайта түсті. Бұл кезеңде ислам діні Алтын Орда халқының мәдениеті мен тұрмысында маңызды рөл атқарды. Исламның таралуы арқылы араб графикасы да кеңінен қолданысқа түсті. Білім мен ғылымның дамуына оның ықпалы  етті. Алтын Орда хандары мен Мәмлүк билеушілері арасындағы ұзақ уақыт діни-дипломатиялық одақтастықтың сақталуы діни танымы мен мәдениетінің жақындығы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, Алтын Орда мемлекетінде Ханафи құқықтық мектебінің үстемдік құрғаны тарихи деректер негізінде айқындалып, Ханафи мәзһабының әртүрлі мәселелерді шешудегі өміршеңдігі мен халықтың әдет-ғұрпын шариғатпен үйлестіре білуі осы аймақтарда тұрақтап қалуының басты себебі болғанын бірқатар мәселелерге салыстырмалы талдау жасау негізінде дәлелденеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

дінтану