Саяси философия және демократияның тәрбиелік негіздері

16 22

Авторлар

  • Байнұр Елубаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Тұңғыш Абылов Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Кілт сөздер:

Философия, демократия, азаматтық білім, әлеуметтік институттар, плюрализм, саяси сауаттылық

Аңдатпа

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – саяси философия тұрғысынан білім мен демократиялық институттар сияқты әлеуметтік құбылыстар арасындағы ықтимал байланысты зерттеу. Тақырыпты толық түсіну үшін, бірінші бөлімде “демократия,” “либералды мемлекет” және “мектеп” сияқты негізгі ұғымдарға анықтама бере отырып, тақырыптың теориялық негізін қарастырамыз. Осылайша, біз демократияның адамдар қауымдастығының табиғи түрі емес, адам санасының қайталанбас өнертабысы, ал мектептер демократиялық құндылықтарды таратуда басты рөл атқаратын институт екенін көрсетеміз, себебі бұл ұйым көптеген адамдарды қамтуға мүмкіндік береді. Екінші бөлімде біз мектептің міндеті балаларға нарықтық экономика жағдайында бәсекеге дайындайтын қажетті практикалық дағдылар мен білімдерді үйрету ғана емес, сонымен қатар оларды демократиялық қоғамның азаматы етіп шығару екенін дәлелдейміз. Сондықтан демократиялық мемлекет мектептерге белгілі бір автономия беруі керек, бұл тек оқу бағдарламасында ғана емес, мектепті басқаруда да көрініс табуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, мақала белсенді азаматтықты қалыптастыру мен плюрализмді ілгерілетудегі білімнің рөлі туралы қазіргі пікірталастарға үлес қосады. Жасалған қорытындылар саяси философия, педагогика және демократиялық тәжірибенің тоғысындағы болашақ зерттеулерге негіз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

философия