Мартин Хайдеггердің экзистенциялдық өлім анализі және дазайн

84 71

Авторлар

  • Тимур Досалиев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Нурлыбек Жаныкулов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Шынарбек Сейітханұлы Бурса Улудағ университеті докторанты

Кілт сөздер:

Хайдеггер, өлім, дазайн, дін философиясы, экзистенциализм

Аңдатпа

Философия тарихында өлім тақырыбы, әр кезеңде философтар мен теологтарды мазалап келген және оған байланысты жүктелген мағыналар мен анықтамалар әр кезеңде әртүрлі көрініс тапқан. Өлімге қатысты ізденістер философиямен шектеліп қана қоймай, дін, әлеуметтану, психология, әдебиет сияқты басқа да ғылым салалары айланысып, көптеген зерттеулер жасаған және бұл зерттеулер бұдан кейін де жалғасатын таппақ. Себебі, экзистенциалды феномен ретінде өлім - адамзат ой-санасынан ажырамайтын ең маңызды ұғымдардың бірі. Біз бұл зерттеуде тақырыпқа арқау болған өлім ұғымының герменевтикалық көзқарас негізінде талдаудың қаншалықты мүмкін болатынын және осы тәсілдің нәтижесінде қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын қарастырамыз. Зерттеу жұмысы экзистенциялистік философияның белді өкілі болған Мартин Хайдеггердің көзқарастары бойынша қолға алынады. Хайдеггер өлімді дазайннің (бар болудың) өмір сүруін айқындайтын және өмірге мән бітіретін құбылыс ретінде қарастырады. Хайдеггер өмірдің тұтастығы мен мағынасын қамтамасыз ететін өлім құбылысын «уақыт» категориясымен байланыстыра отырып ашықтауға тырысады. Осы тұрғыдан алғанда «уақыт» категориясы дазайннің болмысын ашуда және оның өлімге қатынасын түсінуде үлкен маңызға ие. Сондай-ақ зерттеу жұмысында Хайдеггердің дазайн және өлім анализін талдау, талқылау, түсіну және түсіндіру барысында герменевтикалық және феноменологиялық әдістерге жүгіндік.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-30

Журналдың саны

Бөлім

философия