ИСЛАМ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫСЫ ИБН ХАЛДУННЫҢ СОПЫЛЫҚ ТУРАСЫНДАҒЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ

38 38

Авторлар

  • Н.Т. Мамырәлі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ф.Б. Камалова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

асабия, умран, бәдәуи, хадаризм, сопылық.

Аңдатпа

Ибн Халдун – ортағасырлық исламдық ой-пікірлер бойынша дайындалған
маңызды тарих философы және әлеуметтік тарихшы. Умран ғылымы деп атаған ғылым
арқылы тарихи фактілерді әртүрлі себептермен өзара әрекеттестікте түсіндіруге тырысқан
Ибн Халдун «Муқаддима» еңбегінде эмпирикалық деректерге сүйене отырып, тарихты
түсіну арқылы мемлекеттердің өрлеу және ыдырау себептерін талдауға тырысты.
Ибн Халдун өзінің әлеуметтік талдауларында көшпелі өмір салтын қорғады.
Дж.Руссоның қалалық өмір адамның жақсы мінезін бұзады деген идеясы сияқты, Ибн
Халдун бәдәуилердің өмірін қала өміріне қарсы бірінші орынға қойды. Оның айтуынша,
қатты ашуланған бәдәуилік қоғамдар: батыл, физикалық тұрғыдан мықты, туыстық
байланыстарға мән береді. Қала өмірі адамның жақсы мінезін бұзады, батылдық пен күш-
қуатты төмендетеді. Сопылық саласына да дәл осындай талдаулар жүргізген Ибн
Халдунның пікірінше, бірінші кезеңдегі сахабалар, одан кейінгі кезеңде де діни өмір
шынайылыққа, дүниелік мәселелерден қалыс қалуға бағытталған болатын. Уақыт өте келе
дүниеге құмарлық артып, сән-салтанат пен ысырапшылдық негізгі құндылықтарды
алмастырды. Сопылық ерте кезеңде мұсылмандар үшін басынан өткерген хәл болғанымен,
қазіргі уақытта ол өз терминалогиясы бар ғылымға айналды. Ол өзінің бірегей әлеуметтік
тәжірибесін, институттары мен әлеумметтік функцияларын орандады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-17

Журналдың саны

Бөлім

дінтану