Материалдарды жіберу
Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі
Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.- Редакция алқасы журналдың ғылыми бағытына сәйкес келетін, бұрын ешбір басылымда жарияланбаған ғылыми мақалаларды қабылдайды. Мақалаларды журнал сайты арқылы Open Journal System (OJS) онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы ғана жолдауға болады. Материалдар электронды нұсқада .doc немесе .docx форматында ұсынылуы тиіс.
- Корреспонденция авторы мақаланы жіберу барысында OJS жүйесі арқылы міндетті түрде ілеспе хат қоса тіркеуі қажет. Ілеспе хатта ұсынылып отырған қолжазбаның бұрын жарияланбағаны, басқа журналдарға қатар жіберілмегені және академиялық адалдық қағидаттарының сақталғаны көрсетілуі тиіс.
- Мақаланың мәтіні Word редакторында теріледі, шрифті – Times New Roman, өлшемі – 12, жоларалық интервал – бірлік. Беттің шеттері: жоғарғы және төменгі жағы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см. Абзацтың бірінші жолының шегінісі – 1 см, беттер нөмірленуі қажет.
- Мақалада қолданылған суреттер, кестелер, графиктер мен фотоматериалдар мәтінде алғаш рет аталғаннан кейін міндетті түрде сілтемемен беріледі. Суреттер астыңғы жағынан «Сурет 1, 2, 3…» деп нөмірленіп, атауы көрсетіледі, ал кестелердің атауы үстіңгі жағынан «Кесте 1, 2, 3…» түрінде беріледі. Бір мақалада 5 иллюстрациядан артық қолдануға рұқсат етілмейді.
- Мақаланың жалпы көлемі аңдатпа, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен ескертулерді қоса есептегенде 5000–7000 сөз аралығында болуы тиіс. Белгіленген техникалық және құрылымдық талаптарға сәйкес рәсімделмеген мақалалар редакция тарапынан қарастырылмайды және жариялауға қабылданбайды.
Мақалалар
Әдепкі бөлім саясаты
Құпиялық туралы мәлімдеме
Осы журналдың веб-сайтында енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек осы журнал белгілеген мақсаттар үшін пайдаланылады және басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды немесе басқа адамдар мен ұйымдарға берілмейді.



