ГИДРОТЕРМАЛЬДЫ ӘДІСПЕН МЫРЫШ ОКСИДІНІҢ НАНОСТЕРЖЕНЬДЕРІН АЛУ

Авторлар

  • А. Қазбек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Б. Сейтов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

золь-гель, гидротермальды әдіс, фотоанод, нанопленка, мырыш оксиді, жартылай өткізгіш, наностержень.

Аңдатпа

Түйіндеме. Мырыш оксиді (ZnO) жұқа пленкалары жұқа қабықшалы транзисторлар, күн батареялары, сенсорлар және оптоэлектрондық құрылғылар үшін өте перспективалы болып табылады. Мақалада гидротермальды синтез арқылы алынған мырыш оксидінің (ZnO) құрылымдық қасиеттері мен морфологиясы келтірілген. ZnO нанопленкалары (затравочный слой ретінде) ІTO шыны бетінде золь-гель әдіс арқылы тұндырылды. Тәжірибе нәтижелері золь-гельді айналдыру процесіндегі химиялық реагенттердің концентрациясы ZnO пленкаларының қасиеттеріне күшті әсер ететінін көрсетті.  Нанопленка бетіне ZnO наностерженьдерінің үлгілері гидротермальды әдіспен, ерітіндінің температурасы шамамен 97°C-да 3 сағатта алынды. Синтезделген ZnO наностерженьдері күйдірілгеннен кейін электр кедергісі бірнеше есе өсті.

Наностерженьдердің алынған массивтерінің химиялық құрамы, морфологиясы сканерлеуші электронды микроскопия, рентгендік дифракция арқылы сипатталды. Зерттеу нәтижесінде ZnO наностерженьдерінің массивтері көрінетін жарыққа жоғары жақсартылған реакцияны көрсетті.

Мақаланың нәтижелерін металл оксидтерінің басқа комбинацияларында қолдануға болады, сонымен қатар күн энергиясын түрлендіруге арналған жоғары өнімді фотоэлектрохимия құрылғыларын одан әрі дамытудың көптеген қызықты мүмкіндіктерін ұсынады. Ғылыми зерттеулер нәтижелері баламалы энергетика үшін аса маңызды материалдық мәлімет болып табылады және мырыш оксиді арқылы суды ыдырату жүйелері фотоанодының белсенді қабаттарын қалыптастыру сутегі отынын генерациялаудың фотоэлектрохимиялық жүйелерін жасауда  сала мамандарымен қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30