КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕР ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Н.Ә. ШЕКТІБАЕВ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Т.Е. ТӨРЕХАН Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

компьютерлік модельдеу, атомдық және кванттық физика, виртуальді бағдарлама, оқыту әдістемесі.

Аңдатпа

Компьютерлік модельдер және бағдарламалар білім берудегі басты құралдардың бірі, сондықтан оларды дамыту және білім беру саласында пайдалану жоспарын әзірлеу негізгі проблемалардың қатарынан болып келеді. Компьютерлік модельдерді пайдалану жаңа тақырыпты, демонстрациялық экспериментті және қауіпсіздік техникасын бұзбай құбылыстарды зерттеуге көмектеседі. Көптеген сарапшылар қазіргі уақытта компьютерді білім беру жүйесінде сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік береді деп санайды.
Физикалық құбылыстар мен эксперименттердің модельдері оқушылардың білімін белсенді түрде қалыптастырады. Физика курсының атом және ядролық физика, кванттық механика, бөлшектер физикасы сияқты бірқатар бөлімдерін оқытуда эксперименттер жүргізу бойынша айтарлықтай мәселелер айқын көрінеді. Бұл бөлімдер микроәлемдегі құбылыстар мен процестерді зерттеумен айналысатын физиканың маңызды салаларына жатқызылады. Сондықтан физика кабинеттерін жабдықтаудың кейбір қиындықтарына байланысты компьютер көмекші ретінде әрекет етеді. Мақала барысы кванттық физика және атомдық физикада зерттелетін құбылыстарды, процестер барысын түсіндіруге көмектесетін компьютерлік модельдерді, сондай-ақ физикалық зертханалықтар оқытудың ажырамас бөлігі болып табылатындықтан аталға бөлім бойынша зертханалық қондырғыларды имитациялайтын компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау әдістемесі қарастырылады.
Компьютерлік модельдер мен бағдарламаларды білім беру мақсатында пайдалану оқушыларға кванттық және атомдық физика әлеміне енуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл зерттеу оқу процесіне осындай модельдердің тиімділігін, олардың оқушылардың кванттық және атомдық физиканың негізгі ұғымдарын түсінуіне әсерін талдайды, және де осы мәселелер негізіндегі сауалнама жұмыстарын құрайды. Сауалнама 40-қа жуық физика пәні мұғалімдерін қамтиды. Жұмыс физиканы оқыту үшін компьютерлік модельдерді қолдану саласындағы қолданыстағы педагогикалық тәжірибелер мен зерттеулерді талдауға негізделген. Бұл модельдердің білім сапасына әсерін және олардың күрделі ұғымдарды оқушыларға қол жетімді және түсінікті ету қабілетін бағалауға баса назар аударылады. Алынған нәтижелер компьютерлік бағдарламаларды қолданып, кванттық және атомдық физиканы оқыту әдістерін одан әрі жетілдіруге негіз бола алады.
Компьютерлік бағдарламаларды енгізу оқушыға өз қарқынымен және сыныппен бірлесе жұмысы үшін тиімді оқу ортасын құруға себепші бола алады. Оқушыларды тиімді түрде оқуға дайындауда физикалық процестердің модельдерін қолдану сапалы әрі жаңа формалары мен әдістерін құруға үлкен мүмкіндіктер ашып, физикалық құбылыстардың компьютерлік модельдерін қолдану үлкен рөл атқарады деуге әбден болады. Оқушылардың байқау, ойлау, бақыланатын фактілер негізінде жалпылау жасау, бақыланатын процес барысын болжау қабілеттерінің дамуында ерекше маңызды.

Әдебиеттер тізімі

Использование компьютерных моделей физических явлений при обучении физике в современной школе: http://elar.uspu.ru/bitstream/uspu/3356/1/22Piankova2.pdf

Пец А.В. Цифровые технологии в научных исследованиях как компонент образовательного пространства инженерного вуза // Информатика и образование. 2009. №1. С. 112—113.

СОВРЕМЕННЫЙ ЛАБОРАТОРНЫЙ ПРАКТИКУМ ПО АТОМНОЙ И КВАНТОВОЙ ФИЗИКЕ. А.В. Пец, 2016

Бутиков Е.И. Компьютерное моделирование в преподавании физики // Физическое образование в вузах. 1996. № 1. С. 35-38.

Тихомиров Ю.В. Универсальный лабораторный практикум по курсу физики на основе компьютерных моделей // Открытое образование. 20014. № 3. С. 17-26.

КОМПЬЮТЕРНОЕ МОДЕЛИРОВАНИЕ В КУРСЕ ОБЩЕЙ ФИЗИКИ ТЕХНИЧЕСКОГО ВУЗА. М.Ю. Демина, А.В. Демин, Л.С. Полугрудова

Назаров А.И. Информационные и коммуникационные технологии в системе открытого обучения физике в региональном вузе. Д....док.пед.наук. –Санкт-Петербург, 20015.

Virtual Laboratory to Improve Students’ Conceptual Understanding in Physics Learning: https://iopscience.iop.org/article/10.1088/1742-6596/1108/1/012049/pdf

Widiasih. (2023). Utilization Virtual Laboratory in Physics Learning: Bibliometric Analysi. Studies in Learning and Teaching, 4(1), 123-133. Https://doi.org/10.46627/silet.v4i1.213

VASCAK (Физика в школе): https://www.vascak.cz/

The virtual laboratory and interactive screen experiments: https://web.phys.ksu.edu/icpe/publications/teach2/Hatherly.pdf .

Ispolzovanie kompyuternih modelei fizicheskih yavlenii pri obuchenii fizike v sovremennoi shkole: http://elar.uspu.ru/bitstream/uspu/3356/1/22Piankova2.pdf

Pec A.V. Cifrovie tehnologii v nauchnih issledovaniyah kak komponent obrazovatelnogo prostranstva injenernogo vuza // Informatika i obrazovanie. 2009. №1. S. 112—113.

SOVREMENNII LABORATORNII PRAKTIKUM PO ATOMNOI I KVANTOVOI FIZIKE. A.V. Pec, 2016

Butikov E.I. Kompyuternoe modelirovanie v prepodavanii fiziki // Fizicheskoe obrazovanie v vuzah. 1996. № 1. S. 35-38.

Tihomirov Yu.V. Universalnii laboratornii praktikum po kursu fiziki na osnove kompyuternih modelei // Otkritoe obrazovanie. 20014. № 3. S. 17-26.

KOMPYuTERNOE MODELIROVANIE V KURSE OBSchEI FIZIKI TEHNIChESKOGO VUZA. M.Yu. Demina, A.V. Demin, L.S. Polugrudova.

Nazarov A.I. Informacionnie i kommunikacionnie tehnologii v sisteme otkritogo obucheniya fizike v regionalnom vuze. D....dok.ped.nauk. , Sankt-Peterburg

Virtual Laboratory to Improve Students’ Conceptual Understanding in Physics Learning: https://iopscience.iop.org/article/10.1088/1742-6596/1108/1/012049/pdf

Widiasih. (2023). Utilization Virtual Laboratory in Physics Learning: Bibliometric Analysi. Studies in Learning and Teaching, 4(1), 123-133. Https://doi.org/10.46627/silet.v4i1.213

VASCAK (Fizika v shkole): https://www.vascak.cz/

The virtual laboratory and interactive screen experiments: https://web.phys.ksu.edu/icpe/publications/teach2/Hatherly.pdf .

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-28