Х. Есенжанов романындағы тарихи тұлғалар бейнесі

Авторлар

  • А‬мангалиева А.Е. ‬Ж‬ә‬ңгір х‬а‬н а‬т‬ындағы Батыс ‬Қазақстан ‬аграрлық-техникалық университеті
  • Сөйлемез O. Кастамону университеті

Кілт сөздер:

роман, трилогия, тарихи шығарма, образ, жанр, тұлға, дилогия, прототип.

Аңдатпа

Мақалада қазақ тарихындағы ХХ ғасыр әдебиетіне өзіндік қолтаңбасымен келген саңлақ суреткер Хамза Ықсанұлы Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясындағы тарихи тұлғалар мен оқиғалардың өзектілігі және маңыздылығы зерттеледі. Батыс Қазақстандағы Қазан төңкерісінің тарихы трилогияда берілген оқиғалармен салыстырыла суреттеледі. Бірінші кітабы «Төңкеріс үстінде», екінші кітабы «Шыңдалу», үшінші кітабы «Тар кезең» деп аталатын трилогияда төңкеріске қатысқан тарихи тұлғалар өміріне тоқталып, өмір шындығын өнер шындығына ұштастыра білген жазушы шеберлігі айқындала түседі. Жазушы трилогияны алты бөлім, елу тарау, жүз сексен екі эпизодпен суреттеген үш кітапқа 1918 жылдың наурызынан 1919 жылдың ақпанына дейінгі он бір айлық оқиғаны бөліп-бөліп жазған. Мақалада қаламгердің тарихтан алшақтамай, өмірдегі аласапыран оқиғалар шындығын сақтай білген шынайылығы, сюжет құру, кейіпкерлерді сомдау ерекшеліктері анықталады.

Зерттеу жұмысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу, негізгі дереккөздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау, салыстыру, авторлық сөз қолданыстарын баяндау әдіс-тәсілдері қолданылды.

Зерттеудің өзектілігі өз тарихын әділ таразылап, елдің кешегісін мәңгілікке ұмытылмастай етіп салмақтаған трилогияның тарихи шындығын ашып көрсетіп, өмір шындығының өнер шындығында қалай көмкерілгенін бейнелеуден тұрады. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы барысында «Ақ Жайық» трилогиясының қалай жазылғаны сараланады. Трилогияға арқау болған тарихи оқиғаларға белсене қатысқан тұлғалар өмірінен сыр шертіледі.

Зерттеу материалы ретінде Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясынан, белгілі төңкерісшіл қайраткер Х. Чуриннің «Дауылды жылдарда» атты еңбегінен, тарих оқулықтары мен архив материалдарынан мәліметтер алынды.

Зерттеу жұмысының соңында алынған нәтижелер халық прозасында кездесетін тарихи мұраның ерекшеліктерін айқындайды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер тізімі

Yesbalayeva R.Zh., Shaikhystamova M.B. Analysis of the Art Work and Its Types // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2022. – №2(124). – Б. 24–35. https://doi.org/10.47526/2022-2/2664-0686.02

Чурин Х. Дауылды жылдарда. – Алматы: Қазақстан, 1971. – 130 б

Есенжанов Х. Ақ Жайық. ІІІ кітап. – Алматы: Жазушы, 1988. – 364 б.

Есенжанов Х. Ақ Жайық. ІІ кітап. – Алматы: Жазушы, 1988. – 320 б.

Көлбаев Т., Әйтиева Р. Әбдірахман Әйтиев – ерлік пен қасіретке толы өмір. – Алматы: Арыс, 2006. 12 б.

Есенжанов X. Көп томдық шығармалар жинағы. 7-том. – A.: Мерекенің баспалар үйі, 2014. – 392 б.

Нусупова А.Ж. Ш. Мұртазаның «Тамұқ» шығармасындағы Тұрар образы // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №3 (117). – Б. 91–99. https://doi.org/10.47526.2020/2664-0686.009

Серікқалиев З. Жылдар сазы. – Алматы: Жазушы, 1971. – 164 б.

Дюсембина Г.Е. Х. Есенжановтың «Ақ Жайық» роман трилогиясындағы топонимдердің тілдік құрылымы // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2022. – №3 (133). – Б. 45–49.

Оразбек М.С., Аманғазықызы М., Секей Ж. Қазақ ақындарының шығармашылығындағы «Абай» архетипі // Торайғыров университетінің Хабаршысы, Филологиялық серия. – 2022. – №3. – Б. 183–195. https://doi.org/10.48081/DNNE9021

Bysengaly Z.Q., Xie Weining. Возникновение романа в Казахской литературе // Вестник КазНУ. Серия филологическая. – 2022. – №1(185). – С. 199 –206.

Nursulu M., Maulenov A. Neomythology in works of art // Керуен. – 2022. – №74(1). – Б. 160–169. https://doi.org/10.53871/2078-8134.2022.1-12

Адырна. Ақтөбе кітапханасы. Т. 1. Ежелгі жыраулар. / Құраст. Ж. Асанов. – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2011. – 348 б.

Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. – Алматы: Санат, 1996. – 280 б.

REFERENCES

Yesbalayeva R.Zh., ShaikhystamovaM.B. Analysis of the Art Work and Its Types// Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2022. – №2 (124). – B. 24–35. https://doi.org/10.47526/2022-2/2664-0686.02

Churin H. Dauyldy jyldarda [In the stormy years]. – Almaty: Qazaqstan, 1971. – 130 b. [in Kazakh]

Esenjanov H.I. Aq Jayiq [Aq Zhaiyq]. III kitap. – Almaty: Jazushy, 1988. – 364 b. [in Kazakh]

Esenjanov H.I. Aq Jayiq [Aq Zhaiyq]. II kitap. – Almaty: Jazushy, 1988. – 320 b. [in Kazakh]

Kolbaev T., Aitieva R. Abdrahman Aitiev – erlik pen qasiretke toly omir [A life full of courage and suffering]. – Almaty: Arys, 2006. – 12 b. [in Kazakh]

Esenjanov H.I. Kop tomdyq shygarmalar jinagy [Multi-volume collection of works]. 7 tom. – A.: Merekenin baspalar uii, 2014. – 392 b. [in Kazakh]

Nusupova A.J. Sh. Murtazanyn «Tamuq» shygarmasyndagy Turar obrazy // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2020. – №3 (117). – B. 91–99. https://doi.org/10.47526.2020/2664-0686.009 [in Kazakh]

Serikkaliyev Z. Jyldar sazy [The melody of years]. – Almaty: Jazushy, 1971. – 164 b. [in Kazakh]

Dusembina G.E., Aitmuhametova H. «Aq Jaiyq» roman trilogiasyndagy toponimderdin tildik qurylymy [Linguistic structure of toponyms in Yesenzhanov’s “Aq Zhayik” novel trilogy] // QazUU Habarshysy. Filologija serijasy, Philology series No. 3 (133). 2022, Pp. 45–49. [in Kazakh]

Orazbek M.S., Amangazykyzy M., Sekey J. Qazaq aqyndarynyn shygarmashylygyndagy «Abai» arhetipi [The archetype “Abay” in the works of Kazakh poets] // Toraigyrov universitetіnіn Habarshysy, Filologiialyq seriia. – 20227 – №3. – B. 183–195. https://doi.org/10.48081/DNNE9021 [in Kazakh]

Bysengaly Z.Q. Xie Weining. Vozniknovenie romana v Kazahskoi literature [The rice of the novel in Kazakh literature] // Vestnik KazNU. Serija filologicheskaia. – 2022. – №1 (185). – B. 199–206. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph20 [in Russian]

Nursulu M., Maulenov A. Neomythology in works of art // Keruen. – 2022. – №74(1). – B. 160–169. https://doi.org/10.53871/2078-8134.2022.1-12

Adyrna. Aqtobe kіtaphanasy. T. 1. Ejelgі jyraular [Adyrna. Aktobe library. T. 1. Ancient poets]. / Qurast. J. Asanov. – Aqtobe: A-Poligrafiia, 2011. – 348 b. [in Kazakh]

Maytanov B. Qazaq romany jane psihologialyq taldau [Kazakh novel and psychological analysis]. – Almaty: Sanat, 1996. – 280 b. [in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30