Орхан Кемалдың социалистік реализм тұрғысынан жазылған повестеріне әдеби талдау

Авторлар

  • E. Жиенбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • З. Абишова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

түрік әдебиеті, Орхан Кемал, социалистік-реалистік көзқарас, өмір шындығы, Республика кезеңі, мәтін талдау.

Аңдатпа

Қазіргі түрік әдебиетіндегі әңгіме жанры XIX ғасырдың соңында пайда болды. Орхан Кемал – республикалық кезеңде өз повестерімен танымал болған түрік әдебиетінің реалист жазушыларының бірі. Оның әңгімелерінде социалистік-реалистік көзқарас басым екенін аңғаруға болады. Ол өзінің повестерінде өткен өмірімен қатар, айналасындағы төменгі және орта таптағы адамдардың тұрмысын реалистік тұрғыдан суреттеп, қоғамдағы шынайы жағдайларды оқырмандарына жеткізе білген. Оның ұстанымы өнер жасау немесе пайда табу емес, фактілерді жеткізу болатын.
Бұл мақалада қарастырылған повестер менталитет, құрылым, тақырып, тіл және баяндау әдісі тақырыпшалары аясында талданып, мәтін мен дәстүр, мәтінаралық қатынастар, мағына мен интерпретация тұрғысынан айшықталды. Әдебиеттанушы профессор Шериф Акташтың мәтін талдауға (теория мен практика) қатысты ғылыми еңбектеріне сілтеме жасалып қарастырылған зерттеудің мақсаты – автор–шығарма–қоғам арасындағы байланыстың маңыздылығын ашу болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

Kemal O. Orhan Kemal’in Mektubu // Yeni A Dergisi. – Haziran 1973. – S. 15.

Uğurlu N. Orhan Kemal ve Aydınlık Gerçekçilik // Yeni A Dergisi. – Haziran 1973. – S. 15.

Aktulum K. Metinlerarasılık Görüngüsünde Gerçeklik ya da Metnin Göndergeselliği // Bilig dergisi. – 2018. – №85. – S. 233–256 (SSCI, SCOPUS index).

Есбалаева Р. Композициялық талдауды меңгертудің тиімді жолдары // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2018. – №3. – Б. 74–78.

Aktaş Ş. Anlatma Esasına Bağlı Metinleri Tahlili. Kurgan Edebiyat. – Ankara, 2013. – 220 s. 6. Uğurlu N. Orhan Kemal'in ikbal kahvesi: Anı-roman. –İstanbul: Örgün Yayınevi, 2002. – 477 s. 7. Suchkov B., Çalışlar A. Gerçekçiliğin tarihi. – İstanbul, Doruk Yayımcılık, 2009. – 424 s. 8. Akdere İ., Karadeniz Z. Türkiye solu’nun eleştirel tarihi, 1908–1980. – Т. 31. – Evrensel Basım Yayın, 1996. – 320 s. 9. Narlı M. Orhan Kemal'in romanları üzerine bir inceleme. – Ankara: TC Kültür Bakanlığı, 2002. – 283 s.

Kılıç L. Orhan Kemal’in Hikâyelerinde Şahıslar Kadrosu, (Doktora tezi), Atatürk Üniversitesi, Sosyal Bilimler Enstitüsü. – Erzurum, 1996. – 109 s.

Orhan K. Ekmek Kavgası. – İstanbul, Tekin Yayınevi, 2003. – 151 s.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ