ҚАЗАҚ ТІЛДІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖАЗБАША СӨЙЛЕУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ

Авторлар

  • З.А. МОВКЕБАЕВА Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • У.Ж. КУДАЙБЕРГЕНОВА Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

жазбаша қателер, дисграфия, спецификалық қателер, бастауыш сынып оқушылары, сингармонизм, сингема, сингармоникалық есту, сингармоникалық фонетика

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілінде оқитын бастауыш сынып оқушыларының спецификалық жазбаша сөйлеу бұзылыстарын жою мәселелері қарастырылған. Осы мәселенің Қазақстанда және шетелде зерттелуінің қазіргі жай-күйін талдау негізінде авторлар қазақ тілді балалардағы дисграфиялық қателердің таралуы мен сипаты туралы ғылыми мәліметтердің жеткіліксіздігін, оның жазу ерекшеліктеріне байланысты қазақ тіліндегі балалардың спецификалық жазбаша қателердің көріністері зерттелмегендігін атап көрсетеді. Жалпы білім беретін мектептердің екінші–бесінші сынып оқушыларының жазбаша қателеріне жүргізілген талдау қазақ тілді балалардың 14,4%-ында спецификалық жазбаша қателіктерін анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде ең жиі кездесетіндері: артық әріптер мен буындарды түсіру, ауыстыру және қосу. Нәтижесінде авторлар қазақ тілінің жазбаша тілінің сингармоникалық сипатын және қазақ әліпбиінің әріптерін жазу ерекшеліктерін есепке алуға негізделген арнайы педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын теориялық негіздеу және әзірлеу қажеттілігі туралы қорытынды жасайды. Қазақ тілінің жазбаша сөйлеуінің сингармониялық сипаты орыс тілінің фонематикалық сипатынан түбегейлі ерекшеленетіні нақты дәлелденді және осы негізде орыс тілді балалармен логопедиялық жұмыста қолданылатын дисграфиялық қателерді жоюдың арнайы тәсілдер мен әдістерін беру мүмкін еместігі расталады. алфавита. Убедительно доказывается, что сингармонический характер письменной речи казахского языка коренным образом отличается от фонематического характера русского языка и на этом основании утверждается невозможность переноса специальных приемов и методов устранения дисграфических ошибок, применяемых в логопедической работе с русскоязычными детьми.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ