АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА АНИМАЦИЯЛЫҚ БЕЙНЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • А.Б. ИБАШОВА Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-1399-3545
  • Л.А. СУЛЕЙМЕНОВА Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

ақпараттық білім беру ортасы, цифрлық сауаттылық, бастауыш білім беру, бастауыш мектеп, анимациялық бейнелер, интербелсенді тапрсырмалар.

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сыныпқа арналған ақпараттық білім беру ортасын, оның құрылымын әзірлеу, бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларына қызықты білім беру іс-шаралары арқылы оқыту мен оқуға кең мүмкіндіктер беру мәселелері қарастырылады. Мақсат бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылармен әлеуметтік кеңістікте қарым-қатынастың маңыздылығын түсінуге ынталандыру және жақсы қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу үшін мультимедиялық оқу материалдарын қолдануға ынталандыру. Мақалада қарастырылған анимациялық бейнелер интербелсенді таптырмаларды қысқа және ұзақ мерзімді жоспар негізінде сабаққа электронды оқытуды енгізудің тәсілдерін қолдану, оқыту мен оқуға қызығушылық тудырады. Сондықтан, біз мақаламызда ғылыми зерттеуіміздің бір бөлігі – ақпараттық білім беру ортасында (АББО) анимациялық бейнелерді қолданудың тиімділігін қарастырамыз. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда АББО-да қолданылатын анимациялық бейнелердің және олардың негізгі компоненттері анықталады. Зерттеу барысында бастауыш сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін жүргізетін мұғалімдердің көзқарастары мен анимациялық бейнелерді қолдану тәжірибесі зерттеледі.
Зерттеудегі негізгі гипотеза, егер анимациялық интерактивті бейне сабақтар оқушыларға өздерінің идеялары мен материалдары ақпараттық білім беру ортасында жүзеге асырылса, онда сабақ қызықты және тартымды болады. Мақала соңында осы гипотеза расталып, оқыту мен оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда ақпараттық білім беру ортасын пайдалану жағдайында анимациялық бейнені пайдаланудың тиімділігін көрсететін негізгі нәтижелер ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ