ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ БАСПАСӨЗІ: АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАР, ҚОҒАМДЫҚ ҮДЕРІСТЕР ЖӘНЕ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ
0 0
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-6366.6526Кілт сөздер:
қазақ ұлттық баспасөзі, «Қазақ» газеті, «Ақ жол» газеті, «Дала уәлаяты», ағартушылық, қоғамдық үдерістер, ұлттық сана, Түркия, тарихи дерек.Аңдатпа
Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық баспасөзінде көрініс тапқан ағартушылық идеялар мен қоғамдық үдерістер тарихи тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің негізгі деректік базасын «Қазақ», «Ақ жол» және «Дала уәлаяты» басылымдарында жарияланған оқу-ағарту, қоғамдық жаңғыру, ұлттық сана және Түркия тақырыбына қатысты материалдар құрайды. Зерттеу барысында тарихи-жүйелік, тарихи-салыстырмалы және мазмұндық талдау әдістері қолданылды. Ұлттық баспасөз материалдарын талдау оқу-ағарту мәселелерінің қазақ қоғамындағы әлеуметтік және мәдени өзгерістермен өзара байланыста көтерілгенін көрсетті. «Қазақ» және «Ақ жол» басылымдарындағы Түркия туралы жарияланымдарды талдау ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының Осман мемлекеті мен Түркиядағы саяси және қоғамдық өзгерістерге қызығушылық танытқаны анықталды. Қазақстан мен Түркияға қатысты баспасөз материалдарын салыстырмалы талдау қоғамдық жаңғыру, ағартушылық және ұлттық сана мәселелерінің әр қоғамның тарихи даму жағдайына сай өзіндік сипаттарын айқындады. Зерттеу нәтижесінде қазақ ұлттық баспасөзінің қоғамдық пікір мен ағартушылық идеялардың қалыптасуы мен таралуындағы тарихи орны сараланып, баспасөз материалдарын қазіргі білім беру үдерісінде тарихи дерек ретінде пайдаланудың маңызы негізделді. Мұндай деректермен жұмыс білім алушылардың тарихи мәтінді дәуірдің қоғамдық жағдайымен сабақтастыра қарастыруына, әртүрлі баспасөз материалдарын салыстыра талдауына және тарихи дерекпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Әдебиеттер тізімі
Байтурсынулы А. Собрание сочинений в шести томах. Том 3. - Алматы: Ел-шежире, 2013. - 395 с.
Дулатов М. Избранные произведения. - Алматы: Жазушы, 1991. - 384 с.
Базарбаев К., Акдениз Э., Келеш М. Вопросы Турции в изданиях «Казах» и «Ак жол» // Journal of History. - 2022. -Т. 105, № 2. - С. 127-136.
Тезджан М. Система образования Турции. - Анкара: Anı Yayıncılık, 2015. - 312 с.
«Ак жол». Газета - Ташкент, 1921. - № 12.
Амирбек А., Базарбаев К., Акдениз Э. Турецкий фактор в общественно-политическом сознании казахской интеллигенции начала ХХ века // Отан тарихы - Отечественная история. - 2025. - Т. 28, № 4. - С. 1204-1214.
Бузаубакова К.Ж., Елубаева М.С. Теория и методика воспитательной работы. – Тараз, 2019. -379 с.
Коянбаев Р.М. Педагогика: учебное пособие. - Алматы: Эверо, 2004. - 420 с.
Жарыкбаев К., Калиев С. Казахское воспитание и образование. - Алматы: Санат, 1995. -351 с.
Табылдиев А. Казахская этнопедагогика. - Алматы: Санат, 2001. - 320 с.
Калкан И. Развитие казахской политической мысли и газета «Казах» (1913-1918) // Türkler. -Анкара, 2002. - Т. 19.
Дала уалаятының газеті. 1899–1902 жж. / құраст. Ү. Субханбердина. – Алматы: Ғылым, 1992. – 576 б.
«Ақ жол» газеті. 1921. №49. 19 сәуір.
Дала уалаятының газеті: адам, қоғам, табиғат. 1888–1902 / құраст. Ү. Субханбердина.- Алматы: Ғылым, 1994. - 816 б.
«Қазақ газеті». Анвар паша // 1916. №165. 18 қаңтар.
«Қазақ газеті». Түркия думасында // - 1916. №164. 9 қаңтар.
«Ақ жол» газеті. Антанта һәм Түркия // - 1921. №22.
«Ақ жол» газеті. Түркиямен келісу // 1921. №120. 18 желтоқсан.
Унлюер Г. Влияние использования газет на академическую успеваемость и отношение учащихся на уроках обществознания: диссертация. - Anadolu University (Turkey), 2008.
Акьюз Я. Трансформации в сфере образования при переходе от Османского периода к Республике // Pegem Eğitim ve Öğretim Dergisi. - 2011. - Т. 1, № 2- С. 9-22.
Йылдырым А., Шимшек Х. Методы качественных исследований в социальных науках. - Анкара: Seçkin Yayıncılık, 2021. - 366 с.
Мигель-Ревилья Д., Калье-Карраседо М., Санчес-Агусти М. Повышение вовлечённости и исторического понимания с помощью цифровой образовательной среды в среднем образовании // E-Learning and Digital Media. - 2021. - Т. 18, № 4. - С. 344-360.
Сафран М. Историческое образование и преподавание истории. - Анкара, 2014.
Эрден М. Введение в педагогическую науку. -Анкара: Arkadaş Yayınları, 2018.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Turkic historical studies (pISSN: 3007-6358 / eISSN: 3007-6366)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.