DEVOPS ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖОБАЛАУДЫҢ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ БЕЙІМДЕЛУІ

2 2

Авторлар

  • Габит МКТУ

Аңдатпа

DevOps-инфрақұрылымды тиімді жобалау заманауи ақпараттық жүйелердің үздіксіз, қауіпсіз және болжамды жұмысын қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар (ШОК) үшін DevOps-тәжірибелерін енгізу ресурстардың (қаржы, кадр, техникалық құзырет) шектеулілігіне байланысты ерекше өзекті. Зерттеудің мақсаты — DevOps-инфрақұрылымды жобалаудың архитектуралық принциптерін талдап, оларды Қазақстандағы ШОК жағдайына бейімдеу тәсілдерін ұсыну, соның ішінде ұйымның жергілікті контурында және виртуалды бөлінген серверлерде (VPS) үнемді орналастыру сценарийлерін қарастыру. Жұмыста DevOps мәдениеті, жеткізу конвейерін автоматтандырудың негізгі контуры, үздіксіз интеграция және жеткізу/енгізу (CI/CD) архитектурасы, контейнерлеу, бақыламалылық (observability) және қауіпсіздікті өмірлік циклға кіріктіру (DevSecOps) аспектілері қарастырылған. Құпия деректерді басқару, конфигурациялық дрейфті болдырмау, қалпына келтірілімділік (резервтік көшіру және қалпына келтіруді тексеру) және операциялық күрделілікті азайту талаптары арнайы атап өтіледі. Нәтижесінде ШОК қажеттілігіне бейімделген DevOps-инфрақұрылымның екі деңгейлі архитектуралық моделі ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31