ФИЗИКАДАН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
215 79
Аңдатпа
Бұл мақалада физика пәнін оқытудағы бағалаудың маңызы туралы айтылған. Тақырыптың маңыздылығы Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның өзінде көрсетілгендей критериалды бағалаудың дәстүрлі оқытуға қарағанда тиімділігі жоғары болғандықтан, білім мазмұны жаңарған сайын бағалауға қойылатын критерий де жаңартылып отыру керектігі қамтылған. Сабақ барысы күнделікті қайталанып отыратын қарапайым цикль тәрізді, алайда оған жеңіл қарауға болмайды, сабақты жақсы түсінген оқушы ғана жоғары нәтиже көрсете алатыны хақ. Оқыту процессі мен бағалау өте тығыз байланысты. Оқушыларды күнделікті бағалау мен бөлім не тоқсан сайын бағалау өзара тең байланысқан түрде жүруі керек. Білім сапасын арттыруда критериалды бағалау қазіргі таңда ең тиімді бағалау түрі болғандықтан, әркез жаңа әдіс-тәсілдері ұсынып, жетілдіруді талап етеді. Зeрттeу жұмысында aрнaйы әдeбиeттeрдi тeoриялық, caлыcтырмaлы, тaрихи талдау әдicтері қолданылды. Орта білім беру ұйымдарында физиканы оқыту барысында бағалау тақырыбындағы теориялық және эмпирикалық еңбектерге сүйеніп жазылды. Зерттеу барысында физика пәні бойынша бағалау критерийлерінің мазмұны ашылып, "Сыныптағы ауаның ылғалдылығын анықтау"тақырыбындағы зертханалық жұмыс үшін және «Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы» тақырыбы үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының критерийлері анықталды. Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушыларға өз-өзін жан-жақты бағалау білуге, жауапкершілікті болуға, сындарлы ойлау мен алған білімді өмірде қолдана алуға тікелей әсер ете аламыз.