Журнал туралы

Журнал «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 17 маусымда тіркеліп, «Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы» №KZ55VPY00094972 куәлігі берілген.

Шығу жиілігі: 3 айда 1 рет.

МББ тілі: қазақша, ағылшынша, орысша, түрікше.

Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шетел.

Хабарландырулар

Хабарландыру!

2026-01-24

Құрметті отандық, шетелдік ғалымдар!

Қадірменді жас зерттеушілер!

«Hikmet» атты ғылыми зерттеу журналының 2026 жылдың №1 (7) (наурыз) санына мақала қабылданатынын хабарлаймыз.

Журналдың мақсаты – философия, мәдениеттану, дінтану мен исламтану ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу, нәтижелерін жариялау; ғылыми тәжірибелік пікір алмасу алаңын қалыптастыру.

Осы мақсатқа сәйкес, ғылыми журналда қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілінде философия, мәдениет, дін, қоғам және өркениет тақырыптарына қатысты философиялық, мәдениеттанулық, дінтанулық, теологиялық, исламтанулық талдаулар жасалған тың зерттеулер, аудармалар, сондай-ақ қолжазба мұраларды зерттеп-зерделеуге бағытталған мақалалар жарияланады.

Жауапты хатшы: Темирханов Батыржан Нұржанұлы

Байланыс e-mail: batyrzhan.temirkhanov@ayu.edu.kz

Толығырақ оқу Хабарландыру!

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 4 № 6 (2025): HIKMET
					Көрсету  Нөмір 4 № 6 (2025): HIKMET
Жарияланды: 2025-12-30

Барлық шығарылымдар

Барлық журнал басылымдарын көрсету