Хабарландыру!
2025-03-31
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Hikmet» ғылыми-зерттеу журналының 3-саны жарық көрді!
Бұл санда философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану салаларындағы өзекті тақырыптарға арналған мақалалар мен тың зерттеулер қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ұсынылған. Журналдың басты мақсаты – философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану салаларындағы өзекті ғылыми мәселелерді зерттеп, олардың нәтижелерін жариялау, сондай-ақ ғылыми тәжірибе мен пікір алмасуға арналған алаң қалыптастыру.