Журнал туралы

«Hikmet» журналы 2024 жылғы маусым айында өз қызметін бастады. Журналдың құрылтайшысы әрі баспагері – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Журналда жарияланған мақалалар CrossRef дерекқорында тіркеледі және әрбір мақалаға электрондық ғылыми басылымдарға сілтеме жасау, оларды сәйкестендіру және дәйектеу мақсатында DOI (Digital Object Identifier) тағайындалады.

Журналдың редакциялық алқасының құрамына Қазақстанның және шетелдердің жетекші ғалымдары кіреді.

Журналда жарияланған барлық материалдар Creative Commons Attribution–NonCommercial–NoDerivatives 4.0 International (CC BY-NC-ND 4.0) лицензиясы негізінде ашық қолжетімді түрде таратылады. Материалдарды авторын және дереккөзді көрсету шартымен коммерциялық емес мақсатта пайдалануға рұқсат етіледі, алайда оларды өзгертуге немесе қайта өңдеуге жол берілмейді. Мақалалар журналдың ресми сайтында қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде толық мәтінді форматта жарияланады.

 

Журналдың мақсаты

Журналда философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану салаларындағы өзекті ғылыми мәселелерді зерттеу, алынған нәтижелерді жариялау, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік пікір алмасуға арналған академиялық алаң қалыптастыру.

 

Журналдың міндеттері

  • философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану салаларындағы өзекті мәселелер мен үрдістер туралы сарапшы мамандарды және ғылыми қауымдастықты ақпараттандыру;
  • аталған ғылым салаларындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауға жәрдемдесу;
  • философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану бағытында еңбек ететін қазақстандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми ынтымақтастық пен өзара ықпалдастықты кеңейту;
  • жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау, олардың ғылыми ізденістерінің нәтижелерін жариялауға мүмкіндік жасау.

 

Тақырыптық бағыттары

Журналдың тақырыптық бағыттары философия, мәдениеттану, дінтану және исламтану мәселелерін қамтиды, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі ғалымдардың ғылыми еңбектеріне арналған шолу мақалаларды жариялауға бағытталған.

Журнал нөмірлерінің жалпы тақырыптары ғылыми басылымның негізгі бағыттары шеңберінде редакциялық алқа мен ғылыми редакторлардың келісімімен айқындалады.

 

Журналды шығару мерзімділігі

Журнал электрондық және қағаз нұсқада жылына 4 рет (тоқсанына бір рет) жарық көреді:

  • бірінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін;
  • екінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін;
  • үшінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін;
  • төртінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін.

Журналда мақала жариялау ақысыз түрде жүзеге асырылады.