Мекке мүшріктерінің Исламға және пайғамбарға (с.а.у.) қарсы реакциялары
58 19
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-8598.6272Кілт сөздер:
Мұхаммед пайғамбар, Мекке, мүшріктер, Ислам, мұсылмандарАңдатпа
Таухид қағидатына негізделген Ислам діні алғаш Меккедегі көпқұдайшыл қоғамға үн қатты. Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккеліктерді пұтқа табынудан бас тартып, бір Аллаға иман келтіруге шақырғанда, олар оған қатты қарсы шықты. Бұл қарсылықтың негізгі себептері – ата-баба дәстүрлеріне берік болуы және араб тайпалары арасындағы діни, әлеуметтік әрі экономикалық беделдерінен айырылып қалудан қорқуы еді. Меккеліктер Пайғамбарға және алғашқы мұсылмандарға қарсы келемеждеу, жала жабу, қоғамдық қысым көрсету, азаптау, экономикалық бойкот жариялау және қастандық жасау сияқты әрекеттерге барды. Меккедегі мұсылмандардың әлсіз жағдайына байланысты Пайғамбар жанындағы сахабаларын сабыр сақтауға үндеп, күш қолдану арқылы жауап беруге тыйым салды. Қудалау күшейіп, діни еркіндік мүмкін болмай қалған кезде, Пайғамбар мен мұсылмандар 622 жылы (Хижра) Мәдинаға қоныс аударды. Мәдинада мұсылмандар саяси және әскери күшке ие болып, Бәдір, Ұхұд және Хандақ шайқастарында маңызды жеңістерге жетті. 630 жылы Меккенің алынуы бетбұрыс кезеңіне айналып, көптеген меккеліктердің Исламды қабылдауына және діннің бүкіл Араб түбегіне таралуына жол ашты. Бұл мақалада меккелік мүшріктердің реакциялары, олардың қарсылығының себептері және Пайғамбардың осы қиындықтарға қатысты ұстанған саясаты мен шаралары қарастырылады.



