Алауддин Мансурдың түсіндірмеге негізделген аудармасы: «Құран Кәрімнің қазақ тіліндегі мағынасы мен түсіндірмесі»

44 39

Авторлар

  • Давут Шахин Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Анкара Хажы Байрам Уәли университеті

Кілт сөздер:

Алауддин Мансур, құран, мағына, түсіндірме, оқырман.

Аңдатпа

Бұл мақала өзбек тілінен қазақшаға аударылған «Құран Кәрімнің қазақ тіліндегі мағынасы мен түсіндірмесі» атты Құранның қазақша аудармасына арналған. Аударманы өзбек тіліне аударып, оған түсіндірме жазған – Алауддин Мансур, ал оның өзбек тіліндегі нұсқасын қазақшаға аударған – Абсаттар Сманов. Мақалада алдымен Алауддин Мансурдың Құран аудармасына деген көзқарасы, оның жалпы сипаттамасы және автордың аударманы жасауға деген мақсаты қарастырылады. Одан кейін аударманың формалық және мазмұндық ерекшеліктері, әсіресе Бақара сүресіне қатысты тұстары талданады. Сондай-ақ, оқырманға Құранды түсінікті түрде жеткізу үшін қолданылған әдістер мен аудармашының еңбегі көрсетіледі. Құран аудармалары, негізінен, екі бағытқа бөлінеді: мәтінге негізделген және түсіндірмеге негізделген аудармалар. Алауддин Мансур осы екі тәсілдің бірін таңдаудың орнына, оларды үйлестіріп, түсіндірмеге басымдық беруді жөн көрген. Бір жағынан, ол түпнұсқа мәтінге адал болуға тырысса, екінші жағынан, оқырманға ұғынықты болу үшін аяттарға жиі түсіндірмелер қосып отырған. Сонымен қатар, аудармашы Құран мәтіні мен өзінің түсіндірмелерін нақты ажыратуды басты назарға алған. Құранның тікелей аудармасы қою әріптермен берілсе, аят ішіндегі қосымша түсіндірмелері жақша ішінде көрсетілген. Ал аяттан кейінгі түсіндірмелер курсивпен және кіші әріптермен жазылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

дінтану