Мақалаға қойылатын талаптар
Журналда материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жүйеге тіркелу немесе кіру «Материалдарды жіберу» бөлімінде қол жетімді.
Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.
Мақаланың техникалық безендірілуі
Мақаланың қолжазбасында келесі ақпарат берілуі қажет:
- Мақаланың ҒТАХР (МРНТИ);
- Авторлар туралы ақпарат – аты-жөні, ORCID iD нөмірі, аффиляциясы (жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, қала, мемлекет), e-mail;
- Мақаланың атауы;
- Мақаланың аңдатпасы;
- Кілт сөздер;
- Мақаланың негізгі мәтіні;
- Мақаланың соңында ескертулер (қажет болса);
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- «References» латындандырылған әдебиеттер тізімі.
Мақала құрылымы (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):
Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы (ҒТАХР) – ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторынаналынған мәліметтер, оның шеңберінде зерттеу жүргізілген ғылыми білімнің саласын көрсетеді. Оң жақтың жоғарғы бұрышында орналасады.
Келесі жолда авторлар туралы мәліметтер беріледі:
Жаңа жол ортасында авторлардың аты-жөні (толық), үлкен әріптермен, шрифті қалың қаріппен. Егер бірнеше автор болса, негізгі авторды көрсете отырып, мәліметтері көрсетіледі (негізгі автордың аты-жөні бірінші тұрады). Жол үсті таңбалармен (1), (2) аффиляция белгіленеді (жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, қала, мемлекет). Барлық авторлардың электронды поштасы жазылады, ал автор-корреспонденттің аты-жөнінен соң жұлдызша (*) белгісі қойылады. Мысалы: ДОСАЙ КЕНЖЕТАЕВ1 ID, НҰРЖАН ОМАРОВ2* ID, ҚАЛЖАН БИНАЗАРОВ3 ID. Кей авторлар бір мекемеден болғанымен ғылыми дәрежелері әр түрлі болса, әр авторға бөлек (1) жоғарғы белгісі қойылады.
Бір жаңа жол тастап, реттік нөміріне қарай аффиляция бойынша (жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, қала, мемлекет, электрондық адрестері) толық мәлімет беріледі. Әр жол үсті таңбасының (1) мәліметтері жаңа жолдан жазылады.
Автордың жанына оның ID профиль белгісіне сілтеме болатын ORCID iD нөмірі қойылуы керек (Мысалды қараңыз).
Аңдатпа – мақаланың мазмұнын, қойылған мәселені және зерттеудің мақсатын ашады, маңызды фактілерді, автордың негізгі дәлелдері мен ұстанымын, сондай-ақ зерттеудің нәтижелерін көрсетеді. Аңдатпаның ұсынылатын көлемі 150-200 сөз.
Кілт сөздер – бұл мақалада ең маңызды болып табылатын және зерттеу тақырыбы мен саласын мүмкіндігінше дәл сипаттайтын сөздер. Олар мақаланың мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар, мәселелер, географиялық терминдер және басқа аспектілерді қамтиды. Кілт сөздер ретінде жалғыз сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болады. Ұсынылған кілт сөздер саны 5-10.
ҒТАХР, авторлар туралы мәліметтер, мақала атауы, аңдатпа, кілт сөздер қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде беріледі.
Мақаланың негізгі мәтіні төмендегідей:
- Кіріспе (зерттеу мәселесінің өзектілігі);
- Зерттеу әдістері (зерттеу жұмысының мақсатына жету әдістері);
- Талқылау (осы тақырыппен зерттеулер жүргізген ғалымдар еңбектеріне шолу);
- Нәтижелер (мақаланың негізгі бөлігі);
- Қорытынды;
- Алғыс (егер мақала ғылыми қордың қаржылық қолдауымен орындалса);
Дереккөздерге сілтеме жасау үшін мәтінде дөңгелек жақша пайдаланылады, онда: егер монография болса – автордың тегі, шыққан жылы және қос нүкте арқылы пайдаланылған беттің нөмірі келтіріледі (Кенжетаев, 2021: 84), егер архивтік құжаттар болса – архивтің қысқаша атауы, істің нөмірі және қос нүкте арқылы дереккөз парағы келтіріледі (ҚР ОМА, 26:4).
Библиографиялық тізім мақаланың соңында «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» бөлімінде алфавиттік ретпен келтіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі бөлімінде мақаланы жазу кезінде пайдаланылған әдебиет APA (American Psychology Association) https://apastyle.apa.org/ талабы бойынша рәсімделеді.
Әдебиеттер алфавиттік ретпен келтірілуі керек және кемінде 15 сілтемеден тұруы қажет, соңғы бірнеше жыл ішінде белгілі зерттеушілер жариялаған зерттеу тақырыбындағы өзекті еңбектерді қамтуы шарт (ағылшын тіліндегі дереккөздерді қосуды ұмытпаңыз). Архивтердің атаулары бірінші рет берілсе жақша ішінде қабылданған қысқартуды көрсете отырып, толық жазылады, ал одан әрі қысқартып көрсетуге болады: Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архиві (ҚР ОМА).
«References» – ағылшын тіліндегі библиографиялық ақпарат, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің транслитерациясы. Бұл бөлімде латын тілінде жазылмаған, барлық әдебиеттер латын алфавитінің көмегімен транслитерация жасалған пайдаланылған жұмыстардың тізімі беріледі (http://www.translit.ru). Содан кейін тік жақша ішінде сілтеме берілген еңбектің аты ағылшын тілінде аударылып жазылады, ал соңында дөңгелек жақша ішінде деректің түрнұсқада жазылған тілі көрсетіледі (Іn Kazakh / In Russian). Кітаптан дәйексөз келтірілген жағдайда баспаның атауы (егер бұл мекеменің атауы болса) және басылған орны ағылшын тіліне аударылады, ал қалған барлық жағдайларда – транслитерацияланады.
Графиктер, суреттер мен фотолар мәтінде бірінші рет айтылғаннан кейін, жақшада сілтеме жасалып, қойылады. Бір мақалада жалпы 5 иллюстрацияға дейін рұқсат етіледі. Суреттердің атауы астыңғы жағына «Сурет 1, 2, 3…» деп реттік нөмірімен жазылады. Әрбір кестенің үстінде «Кесте 1, 2, 3…» деп реттік нөмірімен атауы көрсетіледі. Мәтінде кездесетін жалғыз сурет немесе кесте нөмірленбейді.
Техникалық талаптары:
Мәтін Word редакторында теріледі, Times New Roman шрифті, өлшемі – 12, интервалы бір.
Шеттері: үстіңгі және астыңғы жағы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см.
Абзацтың бірінші жолының шегінісі – 1 см.
Беттер нөмірленуі керек.
Мақаланың көлемі: аңдатпа, әдебиеттер тізімі, ескертулерді қоса есептегенде 5000-7000 сөз аралығы.
Талаптарға сай безендірілмеген мақалалар қолжазбасы жариялауға жіберілмейді.
Үлгі:
ҒТАХР 02.15
ДОСАЙ КЕНЖЕТАЕВ 1 ID, НҰРЖАН ОМАРОВ 2* ID
1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, теология және философия ғылымдары докторы, профессор (Түркістан, Қазақстан), e-mail: dosaykz@mail.ru
2Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, PhD, қауымдастырылған профессор (Алматы, Қазақстан), *e-mail: batyrzhantemirkhanov@gmail.com
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Аңдатпа. Мәтін, мәтін, мәтін ……
Кілт сөздер: мәтін, мәтін, мәтін ……
Мақала ҚР ҒЖБМ № АР……… жобасын іске асыру аясында орындалды
Авторлар туралы ақпарат, мақала атауы, аңдатпа, кілт сөздер төрт тілде (қазақ, ағылшын, орыс және түрік).
Мақаланың негізгі мәтіні: Мәтін / Text / Текст / Metin
Кіріспе. Мәтін / Text / Текст / Metin
Зерттеу әдістері. Мәтін / Text / Текст / Metin
Талқылаулар. Мәтін / Text / Текст / Metin
Нәтижелер. Мәтін / Text / Текст / Metin
Қорытынды. Мәтін / Text / Текст / Metin
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Анарбаев, А., & Қарақұлов, Е. (2018). Ислам ғылымхалы (ханафи мәзһабы бойынша). Алматы: Көкжиек баспасы, – Б. 704.
Sakhı, Z., & Selçuk, H. (2022). Güney Kazakistan sosyal hayatında türbeler ve türbelerde yapılan ziyaretler. Türk Kültürü ve Hacı Bektaş Veli Araştırma Dergisi, 103, – S. 205–225.
Suleimenov, P., & Nurgaliev, K. (2019). Socio-political views of Abu Nasr al-Farabi. Journal of Philosophy, Culture and Political Science, 68(2), – P. 75–81.
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Архиві (ҚР ОМА). 698-қ., 1-т., 41-іс, 3-п.



