Хабарландыру!
Құрметті отандық, шетелдік ғалымдар!
Қадірменді жас зерттеушілер!
Сіздерге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Hikmet» атты ғылыми зерттеу журналының екінші саны жарыққа шыққандығын қуанышпен хабарлаймыз.
Журналдың мақсаты – философия, мәдениеттану, дінтану мен исламтану ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу, нәтижелерін жариялау; ғылыми тәжірибелік пікір алмасу алаңын қалыптастыру.
Осы мақсатқа сәйкес, ғылыми журналда қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілінде философия, мәдениет, дін, қоғам және өркениет тақырыптарына қатысты философиялық, мәдениеттанулық, дінтанулық, теологиялық, исламтанулық талдаулар жасалған тың зерттеулер, аудармалар, сондай-ақ қолжазба мұраларды зерттеп-зерделеуге бағытталған мақалалар жарияланады.
Жауапты редактор: Нурматов Жахангир Ешбайевич
Байланыс e-mail: zhakhangir.nurmatov@ayu.edu.kz