АБАЙ МЕН АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ САБАҚТАСТЫҒЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

Абай, Ахмет Байтұрсынов, сабақтастық, И.А.Крылов, мысал, өлең, адамгершілік, мақсат, үндестік.

Аңдатпа

Мақалада Абай мен Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы сабақтастық мәселесі қарастырылған. Оларды ақыл-ой мен таным тереңдігі табыстырған, ел қамын жеу мен адамды түзеу идеясы біріктірген. Ахмет Байтұрсынов – алғашқы абайтанушы, оның Абай туралы терең мәнді мақаласы 1913 жарық көрген. Абайды – қазақтың бас ақыны деп алғаш танып бағалаған – Ахмет Байтұрсынов. Оның ойынша, Абай қазақтың өлеңін төрге шығарған, қадір-қасиетін арттырған ақын. Абай өлеңдерінде ой тереңдігі мен сыншылдық және білім – үшеуі де бар болған. Абай – қазақ өлеңін формасы жағынан да жетілдіріп дамытқан жаңашыл ақын. Және Ахмет Байтұрсынов жазғандай, Абай – қай нәрсенің де мәнін, өзегін таныта жырлаған ойшыл ақын. Абайды осылайша терең танып, жоғары бағалаған, өнеге тұтқан Ахмет Байтұрсыновтың өзі де ұстаз Абай, ойшыл Абай биігіне көтерілді, өз дәуірінің Абайындай ұлт ұстазы, асыл азаматына айналды. Ахмет Байтұрсыновтың Абаймен үндесіп сабақтасуының бір қыры осы. Ахмет Байтұрсыновтың Абаймен сабақтасуы туындыларындағы мән-мазмұн, ой мен идея бірлігі, ортақтығы арқылы да көрініс тапқан. Ең әуелі екі ақын да өз өлеңдерінде жағымсыз, кеселді қасиеттерді ащы түрде әшкерелеп, аяусыз сынады. Адами асыл қасиеттерді дәріптеп насихаттады. Екі ақынның да мақсаты – адамгершілікті жырлау арқылы халық санасын ояту. Кеңістік пен уақыт, орын алған жүйе мен қалыптасқан жағдай екі ақындағы шығармашылық ізденісті ортақ арнаға салды. «Сегіз аяқ», «Жиған-терген» өлеңдері – екі ақындағы ақыл-ой мен мақсат-мұрат, көркемдік шешім бірлігінің биік шыңы. Мақалада осындай ойлар тұжырымдалған.                         

Автор өмірбаяны

Гүлжан ӘЛІПХАН, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасының магистр-оқытушысы

Әдебиеттер тізімі

Абайды оқы, таңырқа... (Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған – М.Мырзахметов, филология ғылымының докторы). Алматы: Ана тілі, 1993. –160 б.

Классикалық зерттеулер: Көп томдық. Т. 7. Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. І бөлім (Ұлтшылдық, байшылдық дәуірі). –Алматы: Әдебиет әлемі, 2012. –420 б.

Дулатов М. Шығармалары: Өлеңдер, қара сөздер, көсемсөз. –Алматы: Жазушы, 1991. –384 б.

Кәсіби қазақ әдебиеттануының қалыптасуы (1900-1932). 64–167-б. –Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. 1-том. –Алматы: ҚазАқпарат, 2008. – 646 б.

Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе. –Алматы: Арда, 2007. –296 б.

20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. 1-кітап. –Алматы: Ғылым, 1997. –512 б.

Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. –Алматы: Жазушы, 1989. –320 б.

Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екі томдық шығармалар жинағы. 1-том. –Алматы: Жазушы, 1986. –304 б.

Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ХХ том. Монография, мақалалар. –Алматы: Жазушы, 1985. –496 б.

Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. –Алматы: Ғылым, 1982. –296 б.

References

Abaıdy oqy, tańyrqa... (Qurastyrǵan, alǵy sózі men túsіnіktemelerіn jazǵan – M.Myrzahmetov, fılologııa ǵylymynyń doktory). Almaty: Ana tіlі, 1993. –160 b.

Klassıkalyq zertteýler: Kóp tomdyq. T. 7. Muqanov S. HH ǵasyrdaǵy qazaq ádebıetі. I bólіm (Ultshyldyq, baıshyldyq dáýіrі). –Almaty: Ádebıet álemі, 2012. –420 b.

Dýlatov M. Shyǵarmalary: Óleńder, qara sózder, kósemsóz. –Almaty: Jazýshy, 1991. –384 b.

Kásіbı qazaq ádebıettanýynyń qalyptasýy (1900-1932). 64–167-b. –Qazaq ádebıettaný ǵylymynyń tarıhy. Ekі tomdyq. 1-tom. –Almaty: QazAqparat, 2008. – 646 b.

Ábdımanuly Ó. Ahmet Baıtursynuly: Zertteý-esse. –Almaty: Arda, 2007. –296 b.

20-30 jyldardaǵy qazaq ádebıetі. 1-kіtap. –Almaty: Ǵylym, 1997. –512 b.

Baıtursynov A. Shyǵarmalary: Óleńder, aýdarmalar, zertteýler. –Almaty: Jazýshy, 1989. –320 b.

Abaı (Ibraһım Qunanbaev). Ekі tomdyq shyǵarmalar jınaǵy. 1-tom. –Almaty: Jazýshy, 1986. –304 b.

Áýezov M. Jıyrma tomdyq shyǵarmalar jınaǵy. HH tom. Monografııa, maqalalar. –Almaty: Jazýshy, 1985. –496 b.

Myrzahmetov M. Muhtar Áýezov jáne abaıtaný problemalary. –Almaty: Ǵylym, 1982. –296 b.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-05

Журналдың саны

Бөлім

Статьи