АБАЙДАҒЫ ТОЛЫҚ АДАМ ТАНЫМЫ – М.МЫРЗАХМЕТҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ ЗОР ЖАҢАЛЫҒЫ

Авторлар

Кілт сөздер:

М. Әуезов, Абай, мораль философиясы, М. Мырзахметұлы, толық адам, жәуанмәртлік, имани гүл.

Аңдатпа

Абай шығармаларын кешенді де кең түрде қарастырып тану М.Әуезов зерттеулерінен басталады. Адам мен өмір және заман жайлы жырлаған ақын ойының өзегі – адамгершілік. Осыны аса білгірлікпен айқындаған – М.Әуезов болса, ақындағы бұл адамгершілік танымның жүйесі мен желісін тауып танытқан – М.Мырзахметұлы. Адам жаратылысының артықшылығы – ақылы болса, адам өмірінің мәні мен мазмұны – танып білу. Ал танып білу барысында мән мен құбылыс категорияларының алатын орны орасан зор. М. Мырзахметұлы ұзақ жылдар іздене жүріп мән-мазмұны мен төркін-тегін айқындап берген Толық адам танымы – Абай жырлаған адамгершілік ілімнің алғаш танылып көрінуі, яғни құбылысы іспетті. «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесі – толық адам болса, осы ақын армандаған толық адамның адамгершілік әлемі тағы да М. Мырзахметұлы айқындаған жәуанмәртлік, имани гүл танымдары арқылы ашыла түседі. Адам жаратылысы – тән (қайрат), жан (жүрек), ақыл арқылы түгелденіп, оның өзіне ғана тән адамгершілігі – ақыл мен жүректен шығатын қасиеттер арқылы қалыптасады. Яғни нағыз адамгершілік – ақыл, әділет, рақым қасиеттерін қамтитын жәуанмәртлік арқылы жетіледі. Және осы адамгершілік қасиеттің биік шыңы – имани гүл-үш сүю. Ал Абай шығармаларындағы имани гүл – Алланы, адамзатты, әділетті сүю. Толық адам танымы – Абай жырлаған адамгершілік ілімнің сырт құбылысы болса, имани гүл-үш сүю – оның ішкі мәні мен өзегі.                                                                                                

Мақалада Абайдағы адамгершілік ілімнің М. Мырзахметұлы зерттеп айқындаған, ғылым игілігіне айналдырған жүйесі мен желісі, танымдық, тағылымдық мазмұн, мәні баяндалған.

Автор өмірбаяны

Мақсат ӘЛІПХАН, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Әдебиеттер тізімі

Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары. –Алматы: Ғылым, 1982. –296 б.

Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. ХХ том. Монография, мақалалар. –Алматы: Жазушы, 1985. –496 б.

Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. –Алматы: Ғылым, 1973. – 446 б.

Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екі томдық шығармалар жинағы. ІІ том. –Алматы: Жазушы, 1986. –200 б.

Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 5-том. Ортағасырлық діни философия. –Алматы: Жазушы, 2005. –560 б.

Толстой Л. Исповедь. 39-97-с. – Толстой Л. Не могу молчать. –Москва: Советская Россия, 1985. –528 стр.

Құдайбердиев Ш. Шығармалары. –Алматы: Жазушы, 1988. –560-б.

Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екі томдық шығармалар жинағы. І том. –Алматы: Жазушы, 1986. –304 б.

Лосев А.Ф. История античной эстетики. Софисты. Сократ. Платон. Т. 2. –Москва: Искусство, 1969. –715 с.

Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. –Алматы: Ғылым, 1975. –455 б.

References

Myrzahmetov M. Muhtar Áýezov jáne abaıtaný problemalary. –Almaty: Ǵylym, 1982. –296 b.

Áýezov M. Jıyrma tomdyq shyǵarmalar jınaǵy. HH tom. Monografııa, maqalalar. –Almaty: Jazýshy, 1985. –496 b.

Ál-Farabı. Fılosofııalyq traktattar. –Almaty: Ǵylym, 1973. – 446 b.

Abaı (Ibraһım Qunanbaev). Ekі tomdyq shyǵarmalar jınaǵy. II tom. –Almaty: Jazýshy, 1986. –200 b.

Álemdіk fılosofııalyq mura. Jıyrma tomdyq. 5-tom. Ortaǵasyrlyq dіnı fılosofııa. –Almaty: Jazýshy, 2005. –560 b.

Tolstoı L. Ispoved. 39-97-s. – Tolstoı L. Ne mogý molchat. –Moskva: Sovetskaıa Rossııa, 1985. –528 str.

Qudaıberdıev Sh. Shyǵarmalary. –Almaty: Jazýshy, 1988. –560-b.

Abaı (Ibraһım Qunanbaev). Ekі tomdyq shyǵarmalar jınaǵy. I tom. –Almaty: Jazýshy, 1986. –304 b.

Losev A.F. Istorııa antıchnoı estetıkı. Sofısty. Sokrat. Platon. T. 2. –Moskva: Iskýsstvo, 1969. –715 s.

Ál-Farabı. Áleýmettіk-etıkalyq traktattar. –Almaty: Ǵylym, 1975. –455 b.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-05

Журналдың саны

Бөлім

Статьи