Мақаланы рәсімдеу ережелері

«Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ХАБАРЛАРЫ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНА ҚАБЫЛДАНАТЫН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

 ӘОЖ (УДК) – әмбебап ондық жіктегіш индексі,

МҒТАР – Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық рубрикатор коды,

ORCID – ғылыми авторларды бірегей сәйкестендіретін патенттелмеген әріптік-цифрлық коды;

1.Авторлардың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны аффилиациямен көрсетіледі.

Автордың аты-жөні 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын).

2.Мақаланың тақырыбы 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшынша).

3.Түйіндеме (аннотация) 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын), 150 ден кем емес сөз болу керек. Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде (формула, библиографиялық сілтемелер болмауы керек).

4.Кілт сөздер 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын, кемінде 7-8 сөзден тұруы керек). Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде. Кілт сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі тиіс, мақала мәтініндегі терминдерді, сонымен қатар тақырып аясын анықтайтын және өзге де іздеуді жеңілдететін ақпараттық іздеу жүйесі арқылы мақаланы табудың мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа да маңызды ұғымдарды көрсететін терминдерді қолдану керек.

5.Мақала мәтіні. Негізгі мәтін мақаланың мақсаты, міндеттері, қарастырылып отырған сұрақтың тарихы, зерттеу әдістері, нәтижелерін талқылау, қорытынды бөлімдерін қамту қажет.

6.Әдебиеттер тізімі мақала жазылған тілде және латынша әріптермен транслитерация жасалып жазылады (References). Мақалада кемінде 10 әдебиет пайдаланылуы тиіс және олар соңғы 5 жылдың көлеміндегі әдебиеттер болуы керек (транслитерация www.zakon.kz сайты арқылы жасалынады). Әдебиеттер тізімін Mendeley, EndNote библиографияны басқару жүйелеріне сәйкес жасау керек.

– Авторлар туралы толық мәліметтер 3 тілде (қазақ, орыс, және ағылшын: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызмет орны, мекен-жайы, ұялы телефоны, эл. поштасы) мақала соңында қосымша бетте көрсетіледі;

Ғылыми мақаланың оңтайлы көлемі кемінде 10 бет болуы тиіс. Бір интервал аралықта теріліп, параметрлері: жоғары жағы – 2; төменгі жағы – 2 оң жағы – 2; сол жағы – 2, болуы тиіс. Шрифт – 12, Times New Roman.

Мақаланың аты мазмұнын ашып тұратын ұтымды болуы керек. Барлық мақала «Антиплагиат» бағдарламасынан өткізіліп, оның түпнұсқалық нәтижесі 75%-дан жоғары болғанда ғана жіберіледі.

Журналда пайдаланылған әдебиеттерге реттік сілтемелік әдіс жүйесі қолданылады, яғни мақаланың ішінде әдебиеттердің реттік нөмірі және сілтеме жасалынған беттер тік жақшамен көрсетіледі. Ол нөмір әдебиеттер тізіміндегі нөмірге сәйкес келуі тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде автордың аты-жөні, монографияның, жинақтың аты, қаланың аты, шыққан баспасы, жылы, томы, нөмірі, еңбектің жалпы беті көрсетіледі (Библиографияялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және жинақтау ережелері МЕСТ 7.1 – 2003 сәйкес жасалады).

Мақала ғылыми этикаға сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, мақалада Elsevier, Jstore, Thomson Reuters базаларына кіретін әдебиеттерге міндетті түрде сілтеме жасалуы керек. Сондай-ақ «Хабарлар» журналдарында жарық көрген мақалаларға да сілтеме жасалғаны жөн.

Мақаланың мәтінінде сурет (иллюстрация) міндетті түрде ескеріледі, оларды орналастыру орны автордың қалауына сәйкес болады. Суреттер компьютерде орындалады. Барлық керекті әріптер мен таңбалар анық жазылуға тиіс. Сондай-ақ формулалар мен әріптік белгілер де компьютермен теріледі. Кестелер тақырыбымен нөмірленіп берілуі тиіс. Олар міндетті түрде мәтінде еске алынуы керек.

Журналға жариялау үшін мақалалар ҚР, Түркия, сондай-ақ басқа да алыс-жақын шетелдердегі барлық ұйымдардан қабылданады.  Журналдың сайты:  http://journals.ayu.edu.kz . Журналдың электронды почтасы: ayu-habarlari@ayu.edu.kz

Мақаланың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы мәлімет авторға 2 ай көлемінде хабарланады.

Журналда жарияланған мақалалардың мазмұнына редакция жауап бермейді. Ғылыми мақалалар университет ғалымдарының және басқа ЖОО ғалымдарының қос «жасырын» рецензиялау нәтижесінен және редакциялық кеңес шешімінен кейін өндіріске жіберіледі.

Қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды. Мақала мазмұнына редакция жауап бермейді.

 Редакцияның мекен-жайы: 161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, 29, ректорат, Жаратылыстану ғылыми-зерттеу институты, 507 бөлме. Байланыс тетіктері: 8(72533) 6-36-04.