ШАБДАЛЫ ҚАБЫҚТАРЫН АКТИВТЕНУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • А.К.МАМЫРБЕКОВА
  • А.Д. МАМИТОВА
  • А.К. МАМЫРБЕКОВА
  • М.К. КАСЫМОВА

Аңдатпа

Шабдалы   қабықтарын  активтену процесіне белгілі бір факторлардың әсерін сандық бағалау, оның математикалық моделін алу, сондай-ақ дамыған кеуекті құрылымға қол жеткізетін факторларды анықтау үшін жұмыста эксперименттің жоспарлау және статистикалық өңдеу әдісі қолданылды. Активтелген көмір сорбентінің кеуекті құрылымын реттеудің тиімді әдістерін қолдану оларды табиғи және ағынды сулар мен газ шығарындыларын тазарту үшін адсорбенттер ретінде пайдалану мүмкін және экономикалық тұрғыдан маңызды болып табылады. Экспериментті  жоспарлаудың эксперименттік-статистикалық Бокс-Уилсон әдісі қолданылды. Бокс-Уилсон эксперименттік-статистикалық әдісімен модельдеу үш кезеңде жүргізілді: бірінші кезең – бірінші дәрежелі полиномның жауап беру бетінің шағын бөлігін локалды сипаттау; екінші кезең – жауап беру функциясын геометриялық интерпретациялау болып табылатын жауап беру беті бойынша тік көтерілу; үшінші кезең – екінші ретті полиномның жауап беру бетін апроксимациялау. Жұмыста жауаптың бетіне тік көтерілу әдісімен оңтайландыру жүргізілді. Оңтайландыру мәселесін шешу және екінші ретті теңдеуді анықтау қарастырылған. Бокс-Уилсон эксперименталды-статистикалық әдісімен адсорбенттерді активтену  процесін математикалық модельдеу нәтижесінде шабдалы   қабықтарын активтену процесінің оптималды факторлары анықталды: мырыш хлоридінің концентрациясы – 38,2% және СО2 ағынында активтену температурасы – 743 К.   

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-31