ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫН ҚОЛДАНУ БОЛАШАҒЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • И.Ш.УСМАНОВ
  • Ш.Р.КУРБАНБЕКОВ
  • С.М.БЕКБАЕВ

Аңдатпа

Мақалада Түркістан облысының әр түрлі аймақтарында, желдің жылдамдығы бойынша статистикалық  мәліметтердің негізінде жел энергетикасының перспективалары туралы ұсыныстар қарастырылды.

Түркістан облысындағы желдің орташа жылдамдығы ғаламтор бағдарламалыры арқылы, перспективалық ұсыныстар сараптау, бағалау әдістері арқылы анықталынды. Сараптау нәтижелері негізінде Түркістан облысында желдің жылдамдығы баламалы энергия көздері оның ішінде жел электроэнергетикасының қодырғыларын қолдану тиімді екендігі негізделді. Сондай-ақ, жел электр энергетикасы қондырғысынан алуға болатын қуаттың мөлшері мен электр энергия көздеріне физикалық салыстырмалы анализ жасалынды.

Зерттеу нәтижелері Түркістан облысында жел энергетикасын қолдануда сала мамандарына және мемлекеттік бағдарламаларды құрастыру кезінде теориялық негіз ретінде қолдану мүмкін. Зерттеу жұмысымыздың барысында желдің орташа жылдық жылдамдығы 3-6 м/с аралығында болатынын ескере отырып Desa A300, Tacke TW 600, Directwind 900/52 жел қондырғылары қарастырылды. Мамыр, маусым, шілде айларында желдің орташа жылдамдығы 5-6 м/с құрайтыны анықталынып осы уақыт аралығында жел қондырғыларынан алатын энергия мөлшері басқа айларға қарағанда жоғары екендігі анықталынды.

Жел электроэнергетиканы Түркістан облысына енгізу халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуына, бағаның төмендеуіне түрткі бола алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-31