ТҮРЛІ ТУРА ЕМЕС АВТОМАТТЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КӨПБЕЙНЕСІНІҢ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ

Авторлар

  • С.С.ЖҰМАТОВ

Аңдатпа

Мақалада автоматтық түрлі тура емес басқару жүйелерін тұрғызу есептері қарастырылады. Әрқашанда бастапқы, тұрақты әсер етуші түрткілер болуы себепті, берілген бағдарлама әрдайым дәл орындала бермейтіні белгілі. Сондықтан, бағдарламалық көпбейненің өзінің белгілібір функцияға қатысты орнықтылығын талап ету орынды. Бірінші бөлікте сыртқы жүктеуді ескеретін, тура емес басқарулы автоматтық жүйелердің орнықтылығы зерттеледі. Сыртқы жүктеуді ескеретін гидравликалық орындаушы тетіктің теңдеуі зерттеуге ыңғайлы түрде көрсетіледі. Онан кейін берілген көпбейнеге қатысты теңдеулер жүйесіне келтіріледі. Ляпунов функциясын құру арқылы канондық түрдегі жүйе үшін бағдарламалық көпбейненің абсолют орнықтылығының жеткілікті шарты белгілібір теңдік түрінде алынды. Екінші бөлікте қатаң кері байланысты тура емес басқару жүйесі қарастырылады. Түрлі Ляпунов функциялары құрылады. Абсолют орнықтылықтың алгебралық жеткілікті шарттары алынды. Олар Попов, Якубович түріндегі жиілік шарттарымен салыстырылды. Сонымен бірге, абсолют орнықтылықтың қажетті шарттары көрсетілді. Қарапайым жағдайда абсолют орнықтылықтың қажетті және жеткілікті шарттары алынды. Алынған нәтижелер орнықты тура емес басқару жүйелерін тұрғызуға пайдаланыла алады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-28