Мақалаға қойылатын талаптар

Журналда материалды жариялау Open Journal System ( http://journals.ayu.edu.kz) – онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Журналға бұрын жарияланбаған мақалалар қабылданады. Мақала журналдың сайтына http://journals.ayu.edu.kz жүктеу арқылы (Open Journal System) электронды форматтa (docx) қабылданады.

2.Ғылыми мақаланың оңтайлы көлемі (тақырыбы, авторлар туралы мәлімет, аннотация, кілт сөздер, әдебиеттер тізімін қоспағанда) 3000 сөзден кем емес, 7000 сөзден артық болмауы тиіс.

  1. Абзацтың көлемі – 1 см, мәтін бір интервал аралықта теріледі, параметрлері: жоғары жағы – 2 см; төменгі жағы – 2 см; оң жағы – 2 см; сол жағы – 2 см. Шрифт кеглі – 12, шрифт түрі – Times New Roman. Беттерді нөмірлеу: талап етілмейді.
  2. Сурет, кесте, график, диаграмма және т.б. мәтін ішінде нөмір және атаумен белгіленеді. (Мысалы, 1-сурет – Сурет атауы). Суреттердің, таблица, график пен диаграммалардың саны мақаланың жалпы көлемінің 20%-нан (кей жағдайда 30%) артық болмауы керек. Кестелер тақырыбымен нөмірленіп берілуі тиіс. Олар міндетті түрде мәтінде еске алынуы керек.

 

5.Бірінші бет:

- ӘОЖ (УДК) – әмбебап ондық жіктегіш индексі, МҒТАР (http://grnti.ru/) – Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық рубрикатор коды, ORCID http://orcid.org/ (ағыл. – «Зерттеуші мен қатысушының ашық идентификаторы») – ғылыми авторларды бірегей сәйкестендіретін патенттелмеген әріптік-цифрлық коды;

- Мақала авторының (авторларының) аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны (орналасқан жері), қаласы, елі, электрондық поштасы аффилиациямен 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) көрсетіледі. Авторлар туралы мәліметтер кіші әріптермен және курсив қарпімен беріледі.

- Авторлар туралы толық мәліметтер (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызмет орны, мекен-жайы, ұялы телефоны, эл. поштасы) қосымша файлмен жіберіледі.

  1. Мақаланың тақырыбы ғылыми жұмыстың мазмұнын көрсете алу қажет. Мақаланың аты мазмұнын ашып тұратын ұтымды болуы керек. Ол түсінікті әрі ұғынықты болу керек. Алайда, оқырман назарын аудару үшін сенсациялық тақырыптарды ұсынудан аулақ болыңыз. Мақаланың тақырыбы қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жартылай қалың қаріппен сондай-ақ, бас әріптермен көрсетілуі керек.
  2. Барлық мақала «Антиплагиат» бағдарламасынан өткізіліп, оның түпнұсқалық нәтижесі 75%-дан жоғары болғанда ғана жіберіледі.
  3. Аннотация - 150-300 сөз көлемінде 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын). Егер мақала түрік тілінде болса, онда түрік тілімен қоса 4 тілде (формула, библиографиялық сілтемелер болмауы тиіс). Аннотация – мақаланың мақсаты мен мазмұнын, негізгі нысанымен қатар өзіндік ерекшеліктерін қысқаша сипаттау.
  4. Кілт сөздер/сөз тіркестері ғылыми сала және зерттеу әдістері тұрғысынан мәтіннің мазмұнын көрсететін сөздер жиынтығы. Ұсынылатын кілт сөздер саны - 5-7, кілт сөз тіркесіндегі сөздер саны – 3-тен аспауы тиіс және 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұсынылады. Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде ұсынылады. Кілт сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі тиіс, мақала мәтініндегі терминдерді, сонымен қатар тақырып аясын анықтайтын және өзге де іздеуді жеңілдететін ақпараттық іздеу жүйесі арқылы мақаланы табудың мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа да маңызды ұғымдарды көрсететін терминдерді қолдану керек.
  5. Мақала мәтіні. Негізгі мәтін мақаланың мақсаты, міндеттері, қарастырылып отырған сұрақтың тарихы, зерттеу әдістері, нәтижелерін талқылау, қорытынды бөлімдерін қамту қажет.

- Кіріспеде автор зерттеудің тақырыбымен, міндеттерімен және кезеңдерімен таныстырады. Кіріспе оқырманға авторлардың гипотезасын және оны тексеру құралдарын түсінуге мүмкіндік береді.

- Зерттеу әдістері/зерттеу әдістері мен материалдар  – бұл бөлімде авторлар ғылыми жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді немесе зерттеу әдістері мен материалдарды ұсынуы қажет.

- Талдау мен нәтижелер – ғылыми мақаланың негізгі бөлігі зерттеу жұмысы үшін  таңдалған әдіс-тәсілдер ғана емес,  сонымен бірге, алынған нәтижелерді  теориялық тұрғыдан талдай отырып, дәйектемелер ұсынудан тұрады. Автор бұл бөлімде зерттеу жұмысының нәтижелерінің тезисін жинақтайды. Зерттеу жұмысының нәтижесі жазбаша түрде және кесте, диаграмма, статистикалық көрсеткіштер түрінде ұсынылуы мүмкін.

- Қорытынды - мақаланың бұл бөлімінде автор ғылыми жұмысқа қатысты субъективті ойын білдіре отырып, зерттеу жұмысының нәтижелері негізінде қорытынды пікірін ұсынады.

Қаржыландыру туралы ақпарат - болған жағдайда (мақала соңында курсив әріптермен жарияланатын материалдың тілінде) жазылады. Бұл бөлімде қаржыландыру көздері (гранттар, бірлескен жобалар және т.б.) көрсетіледі.

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, библиографиялық жазбалар түпнұсқа тілінде келтіріледі және латынша әріптермен транслитерация жасалып жазылады (References). Мақалада кемінде 10 әдебиет пайдаланылуы тиіс (транслитерация http://www.translit.ru).

Журналда пайдаланылған әдебиеттерге реттік сілтемелік әдіс жүйесі қолданылады, яғни мақаланың ішінде әдебиеттердің реттік нөмірі және сілтеме жасалынған беттер төртбұрышты тік жақшаның ішінде көрсетіледі. Ол нөмір әдебиеттер тізіміндегі нөмірге сәйкес келуі тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде автордың аты-жөні, монографияның, жинақтың, журналдың аты, қаланың аты, шыққан баспасы, жылы, томы, нөмірі, еңбектің жалпы беті көрсетіледі (Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және жинақтау ережелері МЕСТ 7.1 – 2003 сәйкес жасалады).

  1. Мақала ғылыми этикаға сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, мақалада «Ясауи университетінің хабаршысы», «Түркология» журналдарында жарық көрген мақалаларға сілтеме жасалғаны жөн.
  2. Журналға жариялау үшін мақалалар ҚР, Түркия, сондай-ақ басқа да алыс-жақын шетелдердегі барлық ұйымдардан қабылданады. Журналдың электронды поштасы: khabarshi.iktu@ayu.edu.kz
  3. Мақаланың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы мәлімет авторға 2 ай көлемінде хабарланады.
  4. Ғылыми мақалалар университет ғалымдарының және басқа ЖОО ғалымдарының қос «жасырын» рецензиялау нәтижесінен және редакция шешімінен кейін өндіріске жіберіледі.
  5. Қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды. Мақала мазмұнына редакция жауап бермейді.