Гүлтен Ақынның «Yaşlanmayan Bir Kadına Türkü» және Фариза Оңғарсынованың «Әйел» өлеңдерін құрылымы, тақырыбы және стилі тұрғысынан салыстыру

Авторлар

  • Е. Жиенбаев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • З. Асанова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Гүлтен Акын, Фариза Оңғарсынова, әйел бейнесі, поэзияны талдау, әлеуметтік мәселелер.

Аңдатпа

Түркі әдебиетінің танымал әйел ақындары Гүлтен Акын мен Фариза Оңғарсынованың поэзиялық шығармалары көпшілік қауымға белгілі. Алайда, бұл екі ақын танымал болудан гөрі қоғамдағы олқылықтардың жаршысы болуға тырысқан. Түрік ақыны Гүлтен Акын поэзиясының алғашқы кезеңдерінде жеке тақырыптарды қозғағанымен, кейінгі өлеңдерінде әрдайым әлеуметтік мәселелермен айналысқан. Бұл тұрғыда қазақ ақыны Фариза Оңғарсынова да өзінің өлеңдерінде әлеумет жағдайын сипаттауға көңіл бөлген. Қазақ және түрік әдебиетінің бір кезеңінде өмір сүрген және ортақ тақырыптарды қозғаған бұл ақындардың шығармашылығында әсіресе әйел бейнесі ерекше орын алады. Бұл зерттеудің мақсаты – екі ақынның өлеңдеріндегі әйелдер бейнесін салыстыру. Осы мақсатта бұл зерттеу профессор Шериф Ақташтың мәтін талдау әдісі негізінде жасалған. Екі бөлімнен тұратын аталмыш мақаланың бірінші бөлімінде Гүлтен Акын мен Фариза Оңғарсынованың өмірі мен әдеби тұлғасы жайлы мәлімет берілген. Ал екінші бөлімінде Гүлтен Акынның «Yaşlanmayan Bir Kadına Türkü» («Қартаймаған әйелге арналған толғау») және Фариза Оңғарсынованың «Әйел» өлеңдері талданады. Мақалаға арқау болған өлеңдердің идеологиясы, құрылымы (тұлға, уақыт, кеңістік), тақырыбы, тілі және стильдік ерекшелігі көрсетіліп, екі өлеңнің ортақ және алшақ тұстары салыстырылған.

Әдебиеттер тізімі

Комарова Н.С. Қазіргі қазақ өлеңіндегі психологизм: Филол. ғылым. канд. ғылыми дәреж. алу үшін дайынд. дисс. автореф. – Алматы, 2000. – 5 б.

Aktaş, Ş. Şiir Tahlili. Teori ve Uygulama. – Ankara: Akçağ yayınevi, 2009. – 280 s.

Akın, G. Şiir ve Dilin Bilinci Gülten Akın. / Haz. Alpay Kabacalı. – İstanbul: Tüyap yayınları, 2004. – 142 s.

İlhan, N. Gülten Akın Şiirinde Kent, Göç Ve Gecekondu Algısı // Uluslararası Türkçe Edebiyat Kültür Eğitim Dergisi. – 2012. – №4. – S. 85–104.

Әбдіманұлы Ө. Фаризаның ақындық әлемі. Мир поэзии Фаризы Онгарсыновой. // Серия Журналистики, [S.l.], v. 35, n. 1, ақпан 2016. [Электронды ресурс]. URL: <https://bulletin-journalism.kaznu.kz/index.php/1-journal/article/view/91>. Алынған күні: 15 наурыз 2021ж.

Akın, G. Toplu Şiirler. – İstanbul: Yapı kredi yayınları, 2000. – 1256 s.

Mutlu, A. Gülten Akın Şiirine Bir Yaklaşım. [Elektronik kaynak]. URL: https://www.theauroraaustralis.net/gulten-akin-siirine-bir-yaklasim-ayten-mutlu/ Erişim tarihi: 15.03.2021.

Yılmaz, E. Yalnızlık ve Kadın Bağlamında Gülten Akın’ın Şiirleri // Uluslararası Sosyal Bilimler Dergisi. – 2016. – №1. – S. 31–38.

Оңғарсынова Ф. Толық шығармалар жинағы. – ІV том. – Aлматы: BRK Press, 2015. – 320 б.

Lafcı, S. Gülten Akın Şiirlerinde Kadın ve Kadın Algısı. [Elektronik kaynak]. URL: https://www.academia.edu/13390449/ Erişim tarihi: 15.03.2021.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ