СТУДЕНТТЕРГЕ БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТАҒЫ ИНТРОДУКЦИЯЛАНҒАН ӨСІМДІКТЕРДІҢ КӨБЕЮ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҮЙРЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Ғ.И. ИСАЕВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ш.Б. АБДАЛИМОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

интродукцияланған өсімдіктер, Salix babilonica L., көбею технологиясы, әдістеме, студенттер, қалемшелеу әдісі, ботаникалық бақ.

Аңдатпа

Бұл мақалада ботаникалық бақтағы интродукцияланған өсімдіктерді таныстыру және көбею ерекшеліктерін студенттерге үйретудің тиімділігі қарастырылған. Интродукцияланған өсімдіктердің табиғи ортасында бақылау әдісімен зерттеуге назар аударылды. Өзінің әсемдігі және жоғары деңгейдегі бейімделгіштігімен ерекшеленетін Salix babilonica L. түрі зерттеу жұмыстарын жасауға таңдап алынды.
Студенттермен зерттеу жұмысын жүргізу барысында сауалнама әдісі, баяндау және дискуссия әдісі қолданылды. Зерттеу барысында студенттердің қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында экскурсиялар ұйымдастырылып, интродукцияланған өсімдіктер арасынан Salix babilonica L. түрінен сабақтық қалемшелеу әдісімен қалемшелер алынып, оларды отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Алынған сауалнама нәтижесінде студенттердің интродукцияланған өсімдіктердің көбеюін жоғары деңгейде түсінгені және де ботаникалық бақта зерттеу жұмыстарын жүргізу ерекше қызығушылық оятқаны анықталды. Интродукцияланған өсімдіктерді көбейту технологиясын меңгеру барысында алған тәжірибелері жас мамандардың ғылымға деген талпыныстарын арттырып, зерттеушілік дағдыларын қалыптастырды. Зерттеу барысында Salix babilonica L. түрінің 150 қалемшесі отырғызылып оның 85%-нан тамырлау кезеңінен жоғары деңгейде өткен отырғызу материалы алынды. Бейімделген өсімдіктердің экологиялық, физиологиялық аспектілерін оқу үрдісінде қолдану қарастырылды. Зерттеу жұмысының әдістемесі жасалынып оқу үрдісіне енгізуге ұсыныс жасалынды.
Зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып, ботаникалық бақтағы интродукцияланған өсімдіктердің көбею технологиясын үйретудегі тиімді жолдарын болашақ биология пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде және зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі ретінде қолданыла алатыны анықталды.

Әдебиеттер тізімі

Баханова М.В., Намзалов Б.Б. Интродукция растений. – Улан-Удэ: Бурятский госуниверситет, 2009. – 207 б.

Рысмамбетова Ғ.М., Маннапова У.Е. Түркістанның ботаникалық бағындағы ағаш-бұталы декоративті өсімдіктердің интродукциясы және олардың дәрілік қасиеттері // ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы. – 2011. – №6 (52). – Б. 161–163.

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1 (123), 2022

ISSN-p 2306-7365

ISSN-e 2664-0686

Supuka J., Alkurdi M.I.S., Urin P. & Halajová D. Assessment of chosen woody plants introduction through growth and physiology characteristics // Thaiszia Journal of Botany. – 2017. – №27(1). – P. 1–15.

Li W., Wan L., Tian B., Ding J., Siemann E. Introduced Populations of an Invasive Tree Have Higher Soluble Sugars but Lower Starch and Cellulose // Frontiers in Plant Science. – 2020. – №11.

Imanbaeva A.A., Belozerov I.F. The use of computer technologies for plants introduction value diagnostics in the arid conditions of the mangystau desert // Journal of Pharmaceutical Sciences and Research. – 2018. – №10 (11). – P. 2742–2746.

Байжигитов К.Б., Мухашева Р.Г., Оразбаева О.О. Биология роста интродуцентов ботанического сада МКТУ города Туркестан // Естественные и математические науки в современном мире. – 2016. – №4(39). – С. 51–61.

Сахарчук Е. Студент исследователь // Высшее образование в России. – 2004. – №4. – С. 145–149.

Оказова З.П. Использование биологических задач исследовательского характера в преподавании биологии в высших учебных заведениях // АНИ: педагогика и психология. – 2018. – №3 (24). – С. 180–182.

Салыбекова Н.Н., Исаев Ғ.И., Айдарханова Б.К., Шынтемирова А.С., Сәулет С. Биологиялық білім беруде жоба жұмыстарын құру мен қолданудың мүмкіндіктері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2019. – №4 (114). – Б. 93–103.

Черкасов М.Н. Инновационные методы обучения студентов // Инновации в науке. –2012. – №14(2). – С. 124–129.

Чурикова Н.Л., Дубровский М.Л., Папихин Р.В., Тарова З.Н., Гонтюрев А.Н. Размножение методом зелёного черенкования новых перспективных клоновых подвоев яблони селекции Мичуринского ГАУ // Технологии пищевой и перерабатывающей промышленности АПК – продукты здорового питания. – 2019. – №3. – С. 63–68.

Байжигитов К.Б. Интродукция декоративных, плодовых деревьев и кустарников в Туркестане: Дисс. ... доктора биологических наук. – Алматы, 2006. – 268 с.

Арсланов Ш.Д., Арсланов Д.Э. Об особенностях преподавания естественно-научных дисциплин для различных специальностей в техническом вузе // Современные проблемы науки и образования. – 2015. – №6. – С. 21–29.

Romankina M.Yu., Kuznetsova N.V., Fedulova Yu.A. Scientific research as an important aspect of natural science education // Journal of Physics: Conference Series. – 2020. – №1691. – Р. 146–152.

Майсупова И.К., Жусуп Н. Жасыл қалемшелеу әдісімен сәнді бұталы өсімдіктерді көбейту келешегі // Сейфуллин оқулары – 16: Жаңа формациядағы жастар ғылыми – Қазақстанның болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. – 2020. Т.І, Ч.2. – Б. 236–238.

Соколова Т.А. Декоративное растениеводство. – М.: Академа, 2004. – 352 с.

Баханова М.В., Шелкунов А.Н. Особенности размножения древесных культур методом зеленого черенкования в ботаническом саду бурятского государственного университета // Вестник КрасГАУ. – 2015. – №10. – С. 151–155.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ