ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕБИ ТІЛІ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ТІЛДІК ДЕРЕКТЕР

Авторлар

  • Н.Б. МАНСҰРОВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-0833-7682
  • Р.Р. ТҰЯҚБАЕВА Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

әдеби тіл, жалпыхалықтық тіл, диалекті сөздер, кәсіби сөздер, кірме сөздер.

Аңдатпа

Мақалада қазақтың әдеби тiлі қалыптасуына негіз болған тілдік деректер сөз етіледі. Онда негізінен тілдегі диалекті, кәсіби және кірме сөздeрдің рөлі қарастырылады. Зeрттeудің негізгі бағытында осы салалардағы сөздeр табиғаты, олардың әдеби тілді қалыптастырудағы орны сараланады. Зeрттeуді талдау барысында қазақтың әдеби тiлін саралап, зерделеген ғалымдардың пікірлері басшылыққа алынады әрі олардың түйіндеген тұжырымдары зерттеп-зерделеуге негізгі басқыш ретінде қаралады.
Негізге алынған әр саланың сөздік қолданыс аясы сараланып, ерекшеліктері атап өтiледі. Онда диалекті сөздeрдің әдеби тiлдегі орнын сипаттау, кәсіби сөздeрдің әдеби тiлдің бір бұтағы екендігі ашып көрсету, кірме сөздeрдің тiлімізге кірігіп, сөздік қордан алар орнын айқындау мақсат етіледі. Сондай-ақ олардың әрқайсысының әдеби тілге тигізген әсері мен қажеттілігі де айшықталады.
Уәждемеге келтірілген сөздeрдің ішкі және сыртқы құрылымдық өзгерістері, мағыналық сипаты этимологиялық тұрғыда негізделіп, тұрақталған қалыбының мазмұны қарастырылады. Диалекті, кәсіби және кірме сөздeрдің әдеби тiлге негіз болып, оның байып кетуіне әрі көркемдік жағынан сымбатталып, сөз қасиетінің артуына жасаған ықпалдары да кеңінен талдауға алынады. Нәтижесінде аталған саладағы сөздeрдің жалпыхалықтық қолданыстан орын алуы, тiл аясының кеңдігін көрсететіндігі аталып, мұндай сөздeрдің қазақтың әдеби тiлінің тариxи негізгі аспектілерінің бірі екендігі дәйектеледі.

Әдебиеттер тізімі

Сауранбаев Н. К истории казахского литературного языка // Вестник АН КазССР, 1947, №12. – С. 35–41.

Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. – Алматы: Ғылым, 1981. – 183 б.

Сыздықова Р. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тiлінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1984. – 248 б.

Исаев С. Қазақ әдеби тiлінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1989. – 192 б.

Мансұров Н.Б. Қазақтың әдеби тілі. – Астана: Еуразия ҰУ, 2016. – 242 б.

Жұбанов Қ. Шығармалар мен естеліктер. – Алматы: Өнер, 1990. – 208 б.

Нақысбеков О. Қазақ тiлінің оңтүстік говорлар тобы. – Алматы: Ғылым, 1982. – 168 б.

Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. – Алматы: Арыс, 2000. – 112 б.

Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. – 928 б.

Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 75 б.

Рустемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. – Алматы: Ғылым, 1982. – 160 б.

Раева Г.М. Түркі тілдеріндегі жуанды түбірлердің жіңішке түбірлерге айналуы. – Алматы: Эверо, 2004. – 168 б.

Барлыбаев Р. Расширение и сужение значений слов в казахском языке: Автореф. дисс. ... канд.филол.наук. – Алма-Ата, 1963. – 16 с.

Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: Ғылым, 1988. – 208 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ