ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ЖАЗБА ТІЛДЕРІ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ

Авторлар

  • Г. САГИДОЛДА Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г. ЖЫЛҚЫБАЙ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

жалпы түркілік ортақ тіл, заңдылық, түркі тілдерінің лексикасы, ғылыми-теориялық ережелер, тұжырымдар, қазіргі қыпшақ тілдері.

Аңдатпа

Түркі халықтарын суперэтносқа топтастырудың негізгі тетігі біртұтас жалпы түркілік ортақ тілден өрбіген қазіргі түркі тілдерінің сабақтастығын және «тіл және этнос», «тіл және қоғам», «тіл және мәдениет» мәнмәтінінде әрбір тілге тән заңдылықтардың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Бұл мәселелер түркітілдес халықтардың мәдениетаралық қатынастарын сапалы жаңа деңгейге көтеруге, жаһандану жағдайында жалпы түркілік тілдік және мәдени құндылықтарды сақтау мен ілгерілетуге ықпал ететін болады. Осыған байланысты қазақ, ноғай, башқұрт, татар, құмық, қырғыз, түрік, әзірбайжан, гагауз, түрікмен тілдерінің материалдары негізінде түркі тілдерінің лексикасына байланысты ғылыми-теориялық ережелер мен тұжырымдардың лингвистикалық сараптамасымен қазіргі қыпшақ және қазіргі оғыз тілдерінің салыстырмалы-синхронды лексикологиясының теориялық негіздемесін әзірлеудің маңызы зор. Өйткені лексикологияның жекелеген және жалпы мәселелері бойынша тұжырымдамалық ғылыми білімді біріктіру процесінде түркі тілдерінің лексикалық құрамы туралы теориялық білімнің бірыңғай корпусы құрылады, ал түркі тілдері дамуының қазіргі деңгейіндегі ортақтықтар мен айырмашылықтар нақты айқындалатын болады. Бұл жағдай екі, үш немесе одан да көп түркі тілдерін немесе тілдік топтар мен тілдік кіші топтар арасындағы салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-сипаттамалық толыққанды зерттеуге әкеледі. Мақалада қазіргі түркі жазба тілдері лексикасының семантикалық табиғаты айқындалады.

Әдебиеттер тізімі

Баскаков Н.А. Алтайская семья языков и её изучение / Институт языкознания АН СССР. – М.: Наука, 1981. –136 с.

Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 400 б.

Мусаев К.М. Лексикология тюркских языков. – М.: Наука, 1984. – 228 с.

Гак В.Г. Сопоставительная лексикология. – М.: Международные отношения, 1977. – 264 с.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б. 6. Академический словарь башкирского языка: в 10 т. / под ред. Ф.Г. Хисамитдиновой. – Уфа: Китап, 2011. – Т. 1. – 432 c.

Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков: Общетюркские и межтюркские основы на гласные. – М.: Наука, 1974. – 768с.

Хисамитдинова Ф.Г. Словарь башкирской мифологии. – Уфа: ИИЯЛ УНЦ РАН, 2011. – 420 с.

Иллич-Свитыч В.М. Опыт сравнения ностратических языков: (семитохамитский, картвельский, индоевропейский, уральский): Введение. Сравнительный словарь (b-Ḳ). – М.: Наука, 1971. – Т.1. – 412 с.

Жылқыбай Г.Қ. Түркі тілдеріндегі демеуліктердің мағыналық ерекшеліктері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №2(116). – Б.78–90.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ