ДІНДІ ДИСКУРСИВТІ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

  • А. ӘБУБӘКІРОВА Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Д. ДИЛЬБАРХАНОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

дискурс, дискурсивті зерттеу, дін анықтамалары, ғылыми білім, терминология, дискурсивті өзгерістер, эпистема, этноцентризм, академиялық орта.

Аңдатпа

Мақалада дінді дискурсивті тұрғыда зерттеудің негізгі алғышарттары көрсетіліп, әдістемесі талданады. Дискурсивті әдістеме негізінде дінге анықтама берудің ерекшеліктері көрсетіліп, академиялық ортада бұл анықтамалардың жасақталу үдерісі мен оған әсер ететін факторлар сараланады. Дискурс, дискурсивті құрылымдар, дискурсивті оқиғалар, дискурсивті қарым-қатынас, дискурсивті іс-әрекеттер, сала секілді ұғымдарға анықтама беріледі. Әрбір ұғымның мәнін ашу үшін мысалдар қарастырылып, түсіндіріледі. Еуропалық академиялық ортаның өздерін айқындауда жаңа парадигмаларды іздестіруінің себептері сипатталып, түсіндіріледі. Осы бағыттағы дискурсивті тұрғыда жүргізілген зерттеулердің әдістемесі қарастырылады. Батыстық эзотеризм ұғымының қамтитын мағыналары талданады. Дискурсивті өзгерістердің нәтижесінде туындаған үдерістер сипатталады. Ғылыми білімнің маңыздылығы мен ықпалы зерделенеді. Салыстырмалы сараптау, индукция және дедукция, анализ, синтез, синхрониялық және диахрониялық әдістерді қолдану арқылы тақырыпты ашуға бағытталған тұжырымдар жасалады. Дискурсивті тұрғыда зерттеу жүргізудің маңыздылығы мен артықшылықтары түсіндіріледі. Мақалада дін ұғымына қатысты ғылыми білімді әлеуметтік тұрғыда жүйелеп, тарихи категорияға айналдырар зерттеу саласы ретіндегі дінді дискурсивті тұрғыда зерттеуде қолданылатын, қажет болатын концептілерге анықтама беріліп, талданады. Дін туралы дискурс әлеуметтік шынайылық пен мәнге ие құрылымдарды жалпылайды және заңдастырады. Дінді дискурсивті және тарихи тұрғыда сараптау жеке әдіс болмағанымен, зерттеу бағдары бола алады. Бұл бағдарды негізге ала отырып жүргізілетін зерттеудің мәні мен маңызы, өзектілігі мақалада нақты мысалдар негізінде көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі

Bourdieu, Pierre, Loic Wacquant. An Invitation to Reflexive Sociology. – Chicago: University of Chicago Press, 1992. – 332 р.

Bourdieu, Pierre. The Logic of Practice, translated by Richard Nice. – Cambridge & Oxford: Polity Press in association with Basil Blackwell, 1990. – 340 р.

Әбубәкірова А.Е. Қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі саяси-әлеуметтік үрдістерге исламның ықпалы жайлы дискурс // «Дінтанудың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы, ҚазҰУ (2019). – Б. 46–50.

Von Stuckrad, Kocku. Reflections on the Limits of Reflection: An Invitation to the Discursive Study of Religion. Method and Theory in the Study of Religion 22 (2010). – P. 156–169.

Дворкин А.Л. Сектоведение. Тоталитарные секты. Опыт систематического исследования. – Нижний Новгород: Христианская библиотека, 2014. – 816 с.

Hanegraaff, Wouter J. “Altered States of Knowledge: The Attainment of Gnōsis in the Hermetica.” International Journal of the Platonic Tradition 2 (2008). – Р. 128–163.

Latour, Bruno & Steve Woolgar. Laboratory Life: The Construction of Scientific Facts. – Princeton: Princeton University Press, 1986. – 296 р.

Rorty, Richard. Contingency, Irony, and Solidarity. – Cambridge: Cambridge University Press, 1989. – 201 р.

Rennie, Bryan. “After This Strange Starting: Method, Theory and the Philosophy of Religion(s).” Method and Theory in the Study of Religions 22. – Р. 116–135.

Weber, Max. “Science as a Vocation.” In H. H. Gerth & C. Wright Mills (trans., ed. and introduction), From Max Weber: Essays in Sociology. – London: Routledge & Kegan Paul, 1964. – Р. 129–156.

Sarasin, Philipp. Geschichtswissenschaft und Diskursanalyse. – Frankfurt/M.: Suhrkamp, 2003. – 257 s.

Landwehr, Achim. Historische Diskursanalyse. 2nd ed. – Frankfurt/M. and New York:Campus, 2009. – 188 s.

Nikander, Pirjo. Constructionism and Discourse Analysis. In James A. Holstein and Jaber F. Gubrium (eds.), Handbook of Constructionist Research. – New York: The Guilford Press, 2008. – 413-428 рр.

Lincoln, Bruce. Theses on Method. Method & Theory in the Study of Religion 17(2005): 8–10 рр. (First published in Method & Theory in the Study of Religion 8 (1996): 225–227 рр.)

Дильбарханова Д.А. Екпе жасауға қатысты діни көзқарастар мен ұстанымдардың салыстырмалы талдауы // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №3 (117). – Б. 330–338. [Электронды ресурс]. URL: https://doi.org/10.47526/2020/2664-0686.030

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ