ӘЛ-ФАРАБИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Г. ШАДИНОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • А. ҚОЖАН Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Әл-Фараби, саясат, мемлекет, билік, халық, Қазақстан, мораль, дін.

Аңдатпа

Бұл мақалада әл-Фараби шығармаларында мемлекеттік билікті қалыптастырудың негізгі мәселелерінің орын алуы қарастырылады. Түркілік рухани дәстүрдің құндылықтық мазмұнын зерделеу қазіргі таңдағы гуманитаристикада жалғасын табуда. Оның сұранысқа ие болуы өткеннің мұрасы замандастарымыз үшін өзекті болуымен, біздің қазіргі кезеңіміз өткеннің мәдениетімен тығыз байланысты болуымен астасып жатады.
Әл-Фараби өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарында ақылды мемлекет билеушісі болған кемелді адамның идеалын іске асырған қоғамдағы басты рөлді көрсетті. Әл-Фарабидің ілімдерінің негізгі мәні тек адамның рухани жетілуіне ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы құқықтық және заңнамалық нормаларды жақсартуға да қатысты. Екінші ұстаздың айтуы бойынша, тек білімді, моральдық адам рухани пайда әкеле алады. Мұнда арнайы миссияны әл-Фараби жазуларында негізделген билеушінің идеясы жүзеге асырады. Әлеуметтік процестегі басшы, лидердің орны мен рөлі, тарихтағы объективті және субъективті факторлар диалектикасы мен қоғамдық өмір диалектикасын айқындау әл-Фарабидің зерттеу еңбектерін оқығаннан кейін орын алады.
Сонымен, әл-Фарабидің мемлекет туралы және оны дұрыс басқару туралы идеясы, билеушінің жоғары миссиясы Қазақстанның шынайы тарихында, әлемнің құрылымында, онтогенездің адамзат пен әлеуметтік мәні бар ең жоғары мағыналары мен құндылықтары ретінде қалыптасқан мемлекеттік құрылым принциптерін қамтуға қабілетті деген мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып табылады.

Әдебиеттер тізімі

Антикалық философия [Электрондық ресурс]. URL: http://www.sesiya.ru/staty/filosofiya/921-antikalyik-filosofiya/

Аль-Фараби. Философские трактаты. – А.: Наука, 1972. – 429 с.

Аль-Фараби. Историко-философские трактаты. – А.: Наука, 1985. – 624 с.

Sagikyzy A., Satershinov B.М., Moldagaliyev B.Ye., Smagulov М.N. Synthesis of traditional and islamic values in Kazakhstan (245.4 kB) // European Journal of Science and Theology. – 2015.

Азербаев А.Д. Онтологическое единство нравственности и политики в философии аль-Фараби: Диссертация на соискание степени доктора философии (PhD). – Астана, 2017. – 150 с.

Аль-Фараби. Социально-этические трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1973. – 400 с.

Гаипов З.С., Жандосова Ш.М. Саяси ілімдер тарихы: Оқу құралы / З.К. Шәукенова мен С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2015. – 192 б.

Момынқұлов Ж.Б. Әл-Фарабидің дүниетанымындағы діннің алатын орны. Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 2009. – 151 б.

Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 395 б.

Есім Ғ. Шәкәрім сауалдары төңірегінде // Абай. – 1998. – №2. – Б. 9–14.

Есім Ғ. Заман өткен сайын адамның адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма? // Абай. – 1999. – №4. – Б. 1–7.

Назарбаев Н.А. Бауырларымызға құшағымыз ашық (Дүние жүзі қазақтары құрылтайының 1992 ж. 1 қазандағы салтанатты мәжілісіндегі сөзі) // Тәуелсіздігіміздің бес жылы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – Б. 27–32.

Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – 160 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ