СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ ТОПОНИМЖАСАМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Авторлар

  • Ж. БҰҒЫБАЕВА Қазақ технология және бизнес университеті

Кілт сөздер:

топонимдер, топонимжасам, сөз таптары, сөзжасам, жұрнақтар, зат есім, сын есім, топонимжасамдық құрылым.

Аңдатпа

Әлемдегі барлық жердің атауы себепті. Таудың немесе қоршаған ортаның кез келген басқа объектісінің атауы, мейлі ол кішкентай бұлақ, жер учаскесі, су айдыны немесе тіпті шөл болсын, үлкен мәнге ие және шешілмеген құпияны қамтиды.
Мақала топонимдерді мәдениеттің құнды мұрасы ретінде қалыптастыру мәселесіне арналған, олар «жер тілі» бола отырып, тарихи құбылыстар мәселелерін шешуде материалдық мәдениет жәдігерлеріне, ежелгі және ортағасырлық авторлардың дәлелдеріне қарағанда көп мағлұмат береді. Белгілі бір атаудың тарихи, географиялық және тілдік мағынасы туралы зерттеп, зерделеу сол аумақта тұратын, өмір сүрген ұрпақтың тыныс-тіршілігімен толық танысуға мүмкіндік береді.
Әрбір географиялық атау тарихи әрі оның мағыналық өрісі де кең, олар замана құбылысына, өзгерісіне қарай әр түрлі мағлұматты иеленеді, яғни әр түрлі соғыстар, халықтық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, халықтар арасындағы қатынастар және басқа да тарихи оқиғаларға бай. Топонимдердің құрамына енетін апеллятивтер объектінің табиғи ерекшеліктерін анықтап береді (жер бедері, өсімдіктер, топырақ, т.б.), сонымен қатар этноним мен антротопонимдерден жасалған атаулардың да құрамы мол. Бұл топтағы атаулар өлкенің этногенезінен толық хабар айтады. Жер бетіндегі геонысандар да өздерінің айрықша белгілеріне, сапалық, сандық қасиеттеріне қарай аталған. Олардың ішіндегі бізге маңыздысы сол атаулардың жасалу жолындағы сөз таптарының кездесуі. Мақалада жер-су атауларын жасауда жиі кездесетін есім негізді топонимдер қарастырылып, олардың құрылымдық үлгілері берілген. Зат есімді және сын есімді тұлғалы атаулар басқа сөз таптарына қарағанда белсенді рөл атқарады.
Зат есімдер топонимдердің жасалуында жаңа сөз жасау арқылы белсенді қызмет атқарады. Осыған байланысты топонимдердің құрамдары да алуан түрлі болып келеді. Топонимдік атаулардың құрамында сөзжасамдық жұрнақтар, түбір сөздердің барлық түрі түрлі қарым-қатынаста кездесе береді. Сонымен қатар, зат есімге телеулі жұрнақтардың топонимдік атау жасауда өнімді қызмет атқаратындығын көруге болады.

Әдебиеттер тізімі

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1974.  403 б.

Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы: оқулық. – Алматы, 2007. – 390 б.

Жанұзақ Т. Тарихи жер-су атауларының түптөркіні. – Алматы: «Сөздік-словарь» ЖШС, 2010. – 356 б.

Аршабеков Т.Т. Қарағанды облысы топонимдері. – Нұр-Cұлтан, 2020. – 382 б.

Тлеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. – Алматы: Арыс, 2006.  280 б.

Оралбай Н., Құрманәлиев К., Балтабаева Ж. Қазақ тілінің сөзжасамы.  Алматы: Інжу-Маржан, 2014.  290 б.

Рысберген Қ.Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері: филол. ғыл. док. ... дис.: 10.02.02.  Алматы, 2010. – 300 б.

«Қазақстан Республикасы. Әкімшілік-аумақтық бірліктер атаулары. Анықтамалық / Құраст.: Т. Жанұзақов, Қ.Қ. Рысберген, Н.Б. Оңғарбаева, А.Д. Серікбаева, Н.Т. Бармешова.  Алматы, 2016.  578 б.

Әбдірахманов А. Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы: ҚазССР Ғылым Академиясы, 1959.  219 б. 10. Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. – 783 б.

Қасым Б. Қазіргі қазақ тілінің теориялық және қолданбалық аспектісі: ғылыми мақалалар. – Алматы: ЖК Волкова, 2010.  371 б.

Қасым Б. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері: филол. ғыл. док. ... автореф. – Алматы, 2002.  85 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ