ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫНДА БЕРІЛУ АСПЕКТІЛЕРІ (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Ұ. ЕРКІНБАЕВ А. Байтұрсынұлы Білім Академиясы
  • Ж. ИСАЕВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Т. Жорабай А.Байтұрсынұлы Білім Академиясы

Кілт сөздер:

ұлттық код, ұлттық таным, білім мазмұны, жаңартылған білім мазмұны, білім беру дискурсы, ұлттық тіл, ұлттық дүниетаным, дағды.

Аңдатпа

Мақала мазмұны қазіргі заманғы білім беру дискурсы контексті мен адамгершілік, ұлттық құндылықтар мәселесін қамтиды. Авторлар «барлығы ұрпақ тәрбиесінен басталады» деген тұжырымды алға тарта отырып, білім берудің мемлекеттік маңыздылығына тоқталады. Ұлттық код, ұлтттық таным категориялары білім беру мазмұнының базалық негізін құрайды. Мақала авторлары аталған тақырыпты білім, мінез, дағды, мета білім беру жүйесі аясында қарастырады. Мақалада функционалды сауаттылыққа негізделген білім мазмұны сыни ойлау тұрғысынан талданады. Жаңартылған бағдарламаға көшу барысында ұлтттық ерекшелік, ұлттық дүниетаным қағидаттары ескерілмеген. Бағдарлама мазмұны экономикалық мүдде ұстанымына негізделген оқу дағдыларын басшылыққа алған. Мұндай қағида кешенді түрде ұлттық тұтастыққа қызмет ете алмайтыны айқындалған.
Мақалада ұлт тілі, ұлт тарихы және ұлттық тәлім-тәрбие бойынша теориялық материалдар мен іс-тәжірибелік сараптамалар салыстырылған. Авторлардың пікірінше осы үш сала бойынша негізгі базалық білімді меңгертіп, алынған материалды өз пәнінде және пәнаралық байланыс негізінде қолдану тиімді болып саналады. Сонымен қатар мұғалімдердің ұлттық құндылықтарды тиімді әрі жүйелі пайдалану дағдылары ұсынылған. Әрі оқу процесі мен тұлға тәрбиесінде азаматтық ұстаным негізінде және ұлттық құндылық қайнары, ұлттық дүниетаным өзегі ретінде пайдалану жолдары көрсетілген. Мақалада орта мектептегі практик мұғалімдер үшін білім беру процесінде тарих, тіл, ұлттық тәлім-тәрбие бойынша алынған білімді практикалық түрде әр түрлі форматта (пікірсайыс, дөңгелек үстел, жобалық жарыс сайыстары, зияткерлік сайыстар, эссе, т.б.) қолдану жолдарына қатысты әдістемелік ұсыныстар берілген. Қорыта айтқанда, мақала ұлттық дүниетаным негізінде білім берудің шешуші мәселелеріне арналған.

Әдебиеттер тізімі

Назарбаев Н. Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар // Егемен Қазақстан. – 2017. – 12 сәуір.

Reports | World Economic Forum [Electronic resourse]. – Access mode: https://www.weforum.org/reports/.

Фейдл Ч., Бялик М., Триллинг Б. Четырехмерное образование. – М.: Точка, 2018. – 235 с.

Дейл Х. Шунк. Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі. – Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 608 б.

Еркінбаев Ұ., Қайралапов Н. «Ұлттық дүниетаным: білім беру үдерісінде». Авторлық куәлік. №6934 10.12.2019

Ұлан Еркінбай. Әдебиеттен 5 сыныпта кімдерді оқығыңыз келеді? [Электронды ресурс]. – Астана, 2018. – 29 наурыз. – Кіру режимі: https://www.facebook.com/ tanbalykz/posts/786760478174447.

Робинсон К., Ароника Л. Школа будущего. Как вырастить талантливого ребенка. – М.: «Манн. Иванов и Фербер», 2016. – 368 с.

Стивен Р. Кови. Жасампаз жандардың 7 дағдысы. Тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 352 б.

Хан С. Весь мир – школа. Преобразованное образование. – М.: Издательский дом «Классика-ХХІ», 2015. – 167 с.

Элен Б., Рона Ш. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры. – 2019. – 328 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ