Жеткіншектердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру

Авторлар

  • Г. Мұсабекова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Л. Мырзабек «Сырдария» университеті

Кілт сөздер:

жеткіншек, қалыптасу, азаматтық белсенділік, патриотизм, Отан, білім беру, мұғалім.

Аңдатпа

Мақаланың контексінде жеткіншек жастағы оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру деп балалардың азаматтық қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің оң уәждемесі мен құндылығын дамытуға, белсенді азаматтық дағдыларын дамытуға және оны оқушылардың мінез-құлқында және іс-әрекетінде көрсетуге бағытталған оқушылар іс-әрекетінің академиялық және академиялық емес формаларын ұйымдастырудың мақсатты үдерісі ұғынылады.
Біздің теориялық зерттеуіміз бойынша, жеткіншектердің азаматтық белсенділік деңгейі тікелей оның танымдық, мотивациялық және процедуралық құрамдастарының даму деңгейімен анықталады, олардың барлығы бірлесіп, оқушының біртұтас тұлғасының қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.
Балаларды әр түрлі іс-шараларға тарту үшін түрлі әзірленген іс-әрекеттер кешенін жасау керек. Азаматтық белсенділікті қалыптастыру үшін балалар ұйымы және ата-аналармен өзара іс-әрекеттер ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыс тұлға сапасының елеулі өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жеткіншектердің азаматтық белсенділігін қалыптастырудың процедуралық компоненті болып табылады.
Біз мектеп мұғалімдерімен оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыру бойынша арнайы әдістемемен жұмыс жүргіздік. Балалар ұйымы және ата-аналар қоғамдастығымен бірлесіп жұмыс істеу әлеуметтік мекемелер арасындағы қарым-қатынас сапасының өзгеруіне ықпал етті. Оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарттық. Қоғамдық пайдалы және маңызды іс-әрекетпен айналысу теріс мінез-құлық көріністеріне төзбеушілік сезімінің пайда болуына, жаңа білім алуға, мәдениеттің жалпы деңгейін арттыруға, өз еліне жұмыс істеуге деген ынтасының артуына алып келді.

Әдебиеттер тізімі

Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. – Алматы: Білім, 1997. – 96 с.

Государственная программа патриотического воспитания граждан Республики Казахстан на 2006–2008 годы. – Астана: Білім, 2006. – 20 с.

Нурханов А.А. Формирование казахстанского патриотизма как фактор формирования этнополитической общности. – Алматы: Университет Кайнар, 2015. – С. 180–183.

Ахметов А.К. Военно-патриотическое воспитание учащихся на уроках и внеклассных занятиях по физике на I ступени обучения. – Алма-Ата: Жазушы, 1979. – 23 с.

Дуйсенбаев А.К. Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары. – Алматы: Кайнар, 2006. – 150 б.

Ибрагим К.А. Педагогическая технология патриотического воспитания школьников средствами казахского музыкального творчества. – Шымкент: Әлем, 2007. – 80 с.

Кусаинова Д.С. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу. – Алматы: Жазушы, 1999. – 160 б.

Бейсембаева А.А. Патриотическое воспитание старшеклассников средствами казахского героического эпоса. – Алматы: РИК, 2014. – 190 с.

Ахметова Л.С. Проблемы патриотического воспитания казахстанцев в условиях советской командно-административной системы (1946–1991). – Алматы: РИК, 1998. – 265 с.

Сайдахметова Л.Т. Развитие патриотического воспитания учащихся в школах Казахстана (1970–2000). – Алматы: Дарын, 2001. – 149 с.

Хайрулин Ш.Ш. Патриотическое воспитание курсантов военного вуза в условиях оптимизации образовательного процесса. – Челябинск, 2016. – 160 с.

Musabekova G.T. and other. Moral upbringing of junior schoolchildren in formation of educational activity // Life Science Journal 2014, 11(4). – Р. 404–410 [Electronic resource]. – Access mode: http://www.lifesciencesite.com/lsj/life1104/055_23708life110414_404_410.pdf.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ