СОПЫ СӨЗІНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Н. МАНСҰРОВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

сопы сөзі, сопылық ілім, сопылық ұстаным, сопылық жол, суффа сахабалар, тасаууф сөзі.

Аңдатпа

Мақалада тіл тарихында кең қолданыс тапқан «сопы» сөзінің тілдік ұғымдағы мағыналық сипаты қарастырылған. Негізге алынған тілдік материалдар ғылыми деректер бойынша сараланған. Талдау барысында сөздің терминдік, діни, лингвистикалық ұғымдары қаралып, мағыналық тұрғыда қолданылуы және тарихи кезеңдердегі өзгерісі, тілімізде орын алған лексика-семантикалық ұғымы мен атқарған қызметі қарастырылған. Сондай-ақ сопы сөзінің жалпыхалықтық қолданыста сөйлеу нормасына орай қалыптасуы, айналымға енуі, оның белсенділік танытқан кезеңі, т.т. басшылыққа алынған. Сөздің сипаты ретінде анықтамасы, дінге өзін толық құрбан еткен, сол жолды өмірлік ұстаным деп қабылдаған жандар жайлы тұжырымдар тарихи деректер бойынша жақсы ұсынылған. Жұмыстың кезеңдік әрі жүйелік бағыты рет-ретімен орынды келтірілген. Сопылықты дәріптеп, насихаттап, арнайы жол салған, сопылық мектеп қалыптастырған жандардың өмірлік ұстанымдары да нанымды деректермен берілген. Сол танымал мектептердің өзіндік ұстанымдары, жолы, құрылымы болғандығы жайлы мәліметтер ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдарына негізделген. Шындығында, адам баласының өмірінде ерекше мәнге ие болған құлшылық етушінің ғибадаты, амал-әрекеті, тақуалығы жөніндегі танымдық сипаттары ерекше талдауға ие болса, сол жолды ұстанғандардың әдісі, мақсаты мен міндеті аса маңызды деп саналады. Бұл ретте сопылықты негізгі тірек етіп, оны мақсат тұтып, тіршілікте бір жаратушыға деген сүйіспеншілікпен ғана өмір сүруді қағидатқа айналдырған жандардың мұндай әрекеттері сөзсіз, арнайы зерттеп-зерделеуді қажет етеді. Сол себепті аталған жұмыстың маңыздылығы да осында көрініс табады. Ал сөздің шығу тарихы мен мағыналық сипатына, этимологиялық тұрғыда зерттелуіне ерекше мән берілген. Сопы сөзінің алғашқы мағынасы, кейінгі ие болған атауы, лауазымдық мәні ғылыми тұрғыда сөз етілген. Оның алғашқы көрінген кезден бастап-ақ Жаратушының еркіне бойсұнуы, бүкіл ойы мен іс-әрекетін Жаратушыға бағыттауы сияқты мәселелері де сөздің шығу тарихына әсер еткені жайы да назардан тыс қалмаған. Автор сопы сөзінің негізгі ұстанымдары мен тіректерін, оның ұғымдарын, соның нәтижесінде құлшылықтағы мақамдарын ашып көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, сопы сөзінің лауазымдық сипаты айқындалып, қазақ даласындағы халықтың рухани танымында орын алған құндылықтарды қалыптастыруда рөлі мен орнын айқындауды негіз еткен.

Әдебиеттер тізімі

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІІ Т. – Алматы: Ғылым, 1985. 8-том. – 591 б.

Мансұров Н.Б. Қазақ тіліндегі діни терминдер сөздігі. – Астана: Тұран-Астана, 2013. – 100 б.

Байтенова Н.Ж., Дүйсенбаева А.Қ. Исламдағы сопылық бағыт және оның Қазақстанда таралуы // ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. Мәдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. – 2012. – №1 (38). – Б. 161–165.

Ахмет Ясауи. Пақырнама және мұнажатнама. – Түркістан: Тұран, 1992. – 24 б.

Жолдыбай Қ. Исламдағы сопылық және оның негіздері. [Электронды ресурс]. URL: https://islam.kz/kk/

Қаратышқанова Қ. Сопылық тарихы және философиясы. – Түркістан: «Мырза» баспасы, 2020. – 122 б.

Türkiye Diyanet Vakfı Islam Ansiklopedisi. 37 Cilt. Sahifa-471.

Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 224 б.

Мансұров Н.Б., Темірханов Б.Н. «Ғақлиат тасдиқат» – отыз сегізінші сөз. – Түркістан: Тұран, 2020. – 126 б.

Арабско-русский словарь. В ІІ томах. Том І. – Ташкент: Камалак, 1994. – 456 с.

Әділбаев А. Саңлақ сахабалар. – Алматы: АСТ Полиграф, 2010. – 336 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ