ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ XII ҒАСЫРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Авторлар

  • Д. МҰСТАПАЕВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Қожа Ахмет Ясауи, кесене, қабірхана, мешіт бөлмесі, терракота, зерттеулер, сәулет.

Аңдатпа

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылымы, салыну кезеңдері туралы деректер уақыт пен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қалыптасып, ғылыми айналымға енді. XIV ғ. Әмір Темірдің бұйрығымен салынды деген пікірге негізделіп айтылып келген тұжырымдар XX ғ. тарихи-археологиялық жұмыстар, жөндеу жұмыстары кезінде табылған материалдар негізінде кесененің XII ғасырда Қабірхана, мешіт бөлмесінен тұрған құрылыс болғанын айғақтайды. 1923 жылғы жөндеу жұмыстары, 1928 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары, 1938–1939 жылдардағы жөндеу жұмыстары, 1950-ші жылдардағы сәулеттік, археологиялық зерттеу жұмыстары, 1997 жылдағы археологиялық зерттеу жұмыстары Ахмет Ясауи кесенесінің қалыптасу, салыну кезеңдері туралы хронологиясының белгілі бір жүйесінің қалыптасуына негіз болды. Ғалымдардың жылдар бойы зерделеген, талдаған зерттеулер нәтижелері, кесененің шатырынан табылған көне құрылыс материалдары кесене құрылымының қалыптасуының бірнеше кезеңін көрсетіп берді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан аумақ бірнеше ғасырлар некрополь болғаны, ол жердегі жерлеу орындары, жерлену әдістері мен заттарына қарай талданғаны, кесененің, оның аумағының даму кезеңдері туралы ғылыми зерттеулер қарастырылды.
Көне құрылыс кезеңінің материалдары, ғылыми зерттеулер нәтижелері Әзірет Сұлтан кесенесінің салынуы тек XIV ғасырдың екінші жартысымен мерзімделмейтінін дәлелдеген. Осы тұрғыдан алғанда бұл жер Әмір Темір ғимаратты салуға дейін, ғасырлар бойы зиярат орны болған, рәсімдер орындалған киелі жер болғаны тұжырымдалады.
1997 жылғы ғылыми зерттеулердегі табылған материалдар көне құрылыстардың болғанын айғақтаған. XII ғасырда сол кезеңге тән ғимарат болған, екі ғасырдан соң Әмір Темір бар ғимарат үстінен оған үйлестіре отырып, түрлі қызмет атқаратын бөлмелер жүйесін салдырған.
Мақалада кесененің қалыптасу кезеңіне байланысты ғылыми зерттеулер нәтижесі, көне құрылыс кезеңінен қалған кесене орны туралы зерттеулер жайында мағлұматтар берілді.

Әдебиеттер тізімі

Свод памятников истории и культуры Казахстана. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1994. – 368 с.

Массон М.Е. Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясеви. – Ташкент: Типолит №2 Узполитграфтреста, 1930. – 94 с.; Массон М.Е. Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясеви. –Шымкент: Жібек Жолы, 2000. – 64 б.

Маньковская Л.Ю. Некоторые архитектурно-археологические наблюдения по реставрации комплекса Ходжи Ахмеда Ясеви в г. Туркестане // Загадки древнего Туркестана. Сборник научных статьей. – Алматы: Санат, 1998. – 176 с.

Елгин А. Археологические и архитектурные исследования мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави: вторая половина XIX в. – середина 1950-х годов (очерки и материалы). – Алматы: Ә.Марғұлан ат. Археологиялық институты ҚК, 2013. – 225 с.

Тұяқбаев Қ. Реставрация – жаңғырту өнері. – Алматы: Арыс, 208. – 68 б.

Маньковская Л.Ю. Типологические основы зодчества Средней Азии (IX – начало XX в.). – Ташкент: Фан, 1980. – 161 с.

Тұяқбаев М. Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар. – Алматы: Атамұра, 2000. – 96 б.

Смагулов Е.А., Туякбаев М.К. Новое в ранней истории некрополя г. Туркестана // ИМНАН РК: Серия общественных наук. – 1998. – №1. – С. 18–25.

Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. – М.: Наука, 1969. – 331 с.

Қожа М. Ортағасырлық Отырар тарихы. – Нұр-Сұлтан: Өрнек, 2017. – 424 б.

Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии. (Памятники Арало-Каспийского региона). – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. – 654 с.

Туякбаева Б.Т. Эпиграфический декор архитектурного комплекса Ахмеда Ясави. – Алма-Ата: Өнер, 1989. – 176 с.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ