STEAM БІЛІМ БЕРУДЕ «ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА» ПӘНІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • З.Т. СЕЙЛОВА «Болашақ» университеті
  • Г.С. ТУЛЕНТАЕВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

STEAM, білім беру, математика, есептер, стандарт, бағдарлама.

Аңдатпа

Мақалада соңғы уақытта, барлық дерлік педагогикалық ғылым саласында қарқынды даму жағдайындағы «STEAM білім беру» мәселесі қарастырылған. Оқытушылар үшін оның қандай мүмкіндіктері бар және бұл сөздің астарында қандай күш жатыр?! STEAM білім беру деген не деген сұрақтарға тоқталады. STEAM білім беру оқу жоспарлары қандай болу керек, білім алушыларға қандай әдіс-тәсілдер арқылы оқытылу керек деген мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен бірге мақалада STEAM білім беру жағдайындағы техника саласының мамандарын даярлаудағы «Жоғары математика» пәнінің мақсаттары мен мазмұны туралы баяндалған. STEAM білім беру – болашақ техника саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемелік негіздері «Жоғары математика» пәні мысалында көрсетілген. STEAM білім берудің қарқынды дамуына байланысты, математикалық пәндердің техникалық мамандықтарында оқыту әдістемесін қайта қарау көзделетіндігі туралы айтылған. Аталған маңызды мәселелерді шешу үшін, ресейлік және шетелдік ғалымдардың жұмыстарына қысқаша шолу жасалған. Сондай-ақ, 6В11329 - «Электр энергетикасы» мамандығының мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнын негізге ала отырып, «Жоғары математика» пәнінің болашақ техника саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы мақсаттары мен мазмұны айқындалған. Мамандық үшін математиканың маңызды тараулары айқындалды. Пәннің кейбір тараулары мен мамандықтың іргелі пәндері арасындағы сабақтастығы айқындалып, математика пәнінің тарауларының негізгі білімдендіру пәндерімен байланысы көрсетілді. Электр жүйесіндегі маңызды блок-схемаларға жауап беретін, логика элементтерінің қолданысына нақты мысалдар келтірілген. Болашақ «Электр энергетикасы» мамандардың жаратылыстану ғылымдары бойынша құзыреттілігін қалыптастыру болса, ол бірінші кезекте техникалық мамандықтарда оқитын студенттер үшін математиканың маңызды тараулары бойынша білуге, меңгеруге, ұғынуға тиіс мәселелерді қалай жүзеге асырамыз деген сұрақ бірінші орында болады. Ол үшін, математика мен мамандықтың іргелі пәндері арасындағы байланыстар туралы сабақта айтып қана қоймай, сол байланысты құратын мысалдарды көрсете де білуіміз керек. Маман мақалада көрсетілген логикалық байланыстарды, атап айтқанда, Электр жүйесіндегі параллель, тізбектей қосылған сұлба, сонымен қатар эквивалентті сұлба, өзек орналасқан электр жүйесі сұлбасын білсе, оларға мысалдаркелтіріп, тәжірибеде де көрсете алады. Мақалада ізденушінің оқытушылық іс-тәжірибесінің ой-пайымдаулары мен ғылыми зерттеудегі тұжырымдары алынған. Бұл зерттеулері STEAM білім берудің әдістемелік жүйесін дайындауға негіз болды.

Әдебиеттер тізімі

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Маркс К. 1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар. [Электронды ресурс]. URL: https://kk.warbletoncouncil.org/aportaciones-carlos-marx-3340 (қаралған күні 15.08.2022) 2. Калукова О.М. Система профессионально-ориентированной подготовки студентов технических вузов (На материале изучения высшей математики): дис. ... канд. пед. наук: 13.00.01. – Саратов, 2003. – 151 с.

Гнеденко Б.В. Очерки по истории математики в России. – М.: ОГИЗ, 1946. – 246 с.

Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989. – 192 с. 5. Кудрявцев Л.Б. Мысли о современной математике и ее изучении. – М.: Наука, 1977. – 112 с. 6. ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 20 шiлдедегi №2 бұйрығы. [Электронды ресурс]. URL: https://www.ektu.kz/files/law/MonRk/v2200028916.20-07-2022.kaz.pdf (қаралған күні 15.08.2022)

Seitmuratov A., Seylova Z., Tileubay S., Smakhanova A., Serikbol M., Kanibaikyzy K. The use of a mathematical method of I.G. Filippova in the solution of boundary value problems of vibrations of cylindrical shells // News of the national academy of sciences of the republic of Kazakhstan. Fhysico-mathematical series. – 2018. – №4(320). – С. 66–72.

Тулентаева Г.С., Беркимбаев К.М., Сейлова З.Т. STEAM-білім беруді білім саласына ендіру заман талабы // ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары-17: «Қазіргі аграрлық ғылым: цифрлық трансформация» конференция материалдары. 1-том, 4-бөлім. – 2021. – Б. 257–259.

Сейлова З.Т. Биологиялық процестерді математикалық модельдеудің дифференциалдық емес және дифференциалдық әдістері: оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: С. Сейфулин атындағы ҚазАТУ, 2021. – 131 б.

REFERENCES

Marks K. 1844 jylgy economikalyq-philosophyalyq qoljazbalar [Economic and philosophical manuscripts of 1844 years] [Elektrondy resurs]. URL: https://kk.warbletoncouncil.org/aportaciones-carlos-marx-3340 (qaralgan kunі 15.08.2022) [in Kazakh] 2. Каlukova О.М. Sistema professionalno-orientierovannoi podgotovki studentov tehnicheskih vuzov (Na materiale izuchenia vysshei matematiki): dis. … kand. ped. nauk: 13.00.01 [The system of professionally-oriented training of students of technical universities (Based on the study of higher mathematics): dis.]. – Saratov, 2003. – 151 s. [in Russian]

Gnedenko B.V. Ocherki po istorii matematiki v Rossii [Essays on the history of mathematics in Russia]. – M.: OGIZ, 1946. – 246 s. [in Russian]

Bespalko V.P. Slagaemye pedagogicheskoi tehnologii [Components of pedagogical technology]. – M.: Pedagogika, 1989. – 192 s. [in Russian] 5. Kudriavcev L.B. Mysli o sovremennoi matematike i ee izuchenii [Thoughts on modern mathematics and its study]. – M.: Nauka, 1977. – 112 s. [in Russian]

QR Gylym jane jogary bіlіm ministrіnіn «Jogary jane jogary oqu ornynan keyіngі bіlіm berudіn memlekettіk jalpyga mіndettі standarttaryn bekіtu turaly» 2022 jylgy 20 shildedegi №2 buirygy [Order of the minister of Science and higher education of the Republic of Kazakhstan dated July 20, 2022 No.2 «On approval of State mandatory standards of Higher and postgraduate education»]. [Elektrondy resurs]. URL: https://www.ektu.kz/files/law/MonRk/v2200028916.20-07-2022.kaz.pdf (qaralgan kunі 15.08.2022) [in Kazakh]

Seitmuratov A., Seylova Z., Tileubay S., Smakhanova A., Serikbol M., Kanibaikyzy K. The use of a mathematical method of I.G. Filippova in the solution of boundary value problems of vibrations of cylindrical shells // News of the national academy of sciences of the republic of Kazakhstan. Fhysico-mathematical series. – 2018. – №4(320). – S. 66–72.

Tulentayeva G.C., Berkimbayev K.M., Seilova Z.T. STEAM-bilim berudi bilim salasyna endiru zaman talaby [Introduction of STEAM-education into the field of education is a modern requirement] // QR tauelsizdiginin 30 jyldygyna arnalgan “Seifullin oqulary-17: “Qazirgi agrarlyq gylym: cifrlyq transformacia” konferencia materialdary. 1-tom, 4-bolim. – 2021. – B. 257–259. [in Kazakh]

Seilova Z.Т. Biologyalyq procesterdi matematikalyq modeldeudin differencialdyq emes jane differencialdyq adisteri [Non-differential and differential methods of mathematical modeling of biological processes]: oqu quraly. – Nur-Sultan: S. Seifullin atyndagy KazATU, 2021. – 131 b. [in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ