ЖИҺАД ҰҒЫМЫНЫҢ БАЛАМА АНЫҚТАМАСЫ

Авторлар

  • Ж. АСХАТҰЛЫ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • О. САМЕТ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

жиһад, Құран, ислам, пайғамбар, буквализм, радикализм, дін, концепция. фард айн, фард кифая, харб, қитал, экологиялық саяси жиһад, гуманитарлық жиһад, халықаралық терроризмге қарсы жиһад, фасад, фитна, жиһад кәбир, жиһад сағир.

Аңдатпа

Бүгінде жиһад термині тек бір бағытта алпауыт елдердің мүддесін көздеген геосаяси сипатта ғана тұжырымдама ретінде қарастырылып келеді. XXI ғасырдың басында орын алған 11 қыркүйек (2001 ж.) оқиғасының нәтижесінде бұл термин Батыста көптеген еңбектердің мазмұнында терроризммен бара-бар түсіндірілуде. Соңғы уақытта исламдық ғылым айналымына да бұл термин анықтамасы еніп үлгерді және саясиланып тұжырымдалуда. Осының салдарынан жиһадтың ұғымы тарылып, дін жолындағы «қасиетті соғыс» анықтамасына айналып, нағыз зұлымдыққа апарар жол ретінде түсіндірілуде. Осыған байланысты бүгінгі заманауи технологияны тиімді пайдалану арқылы бұқаралық ақпараттар құралдары тарапынан қандай да бір мәліметті тез таратуға болатынын ескерсек, БАҚ арқылы жиһад сөзінің анықтамасын дұрыс бағытта насихаттау заман талабына айналып отыр.
Адамзат өмір сүріп жатқан қоғамды мейлінше жақсы жаққа өзгерту, реттеу үшін жиһадтың басты қағидаларын негізге ала отырып, қол жеткізуге болады. Дәл осындай қағидалар жұмыстың мазмұнында үшке бөлініп жеке қарастырылған. Олар: экологиялық саяси жиһад, гуманитарлық жиһад және халықаралық терроризмге қарсы жиһад. Осы ретте аталмыш тақырыптар аясында белгілі әлеуметтанушы Энтони Гидденс пен дінтанушы Ризван Максим, Рашид Рида секілді ғалымдардың көзқарасы және халықаралық ұйымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі негізге алынған.
Жалпы, жиһадтың бұдан басқа да қырларын жіті талқылау арқылы оны заманауи қалыптасқан теріс анықтамадан ажыратып, позитивті бағытын айқындауға болады. Сол үшін бұл еңбекте «жиһад» сөзі көптеген мағына беретіндігін және оның классикалық ислам ғалымдары бекіткен негізгі концепциясы әрбір қоғамды ілгерілетуге игі ықпалын тигізетіні туралы жан-жақты талқыланады.
Сондай-ақ, аталмыш концепцияны бүгінде жаһандық кеңістікте орын алып жатқан эко-логия, әділетсіздік, адамзат құқын бұзу секілді келеңсіздіктердің жолын кесуге елеулі ықпал ететін механизм ретінде қарастырып, жиһадтың ислам дініндегі орны мен маңыздылығын, адамның тұлға ретінде қалыптасудағы оның ерекше рөлі жөнінде кеңірек баяндалады.

Әдебиеттер тізімі

Haıdar N. Muhammadiyah’s moderation stance in the 2019 general election // Journal of Islamic Studies, 7 б.

Жалал ад-Дин ас-Суюти, Муътарак ул ақран фи иъжазул Қуран. – Бейрут: Китаб алъилмия баспасы, 1988. – 50 б.

Ризванов М. Мухаммед – основатель новой конфессиональной общности арабов. Диссертациялық жұмыс. – Махачкала, 2005. – 152 б.

Peter J. Stoett. International Relations Theory and Ecological Thought: Towards a Synthesis. – New York, 1999. – 151 б.

Giddens A. L. The class structure of the advanced societies. – New York, 1973. – 366 б.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау комиссиясының баяндамасынан // https://www.who.int/mediacentre/news/releases/2008/pr29/ru/.

Фахриддин ар-Рази, Мафатих әл-ғайб. – Бейрут, Фикр, 1981. – 231 б.

Сүлеймен Айдын. әл-Қауайд фи улум әл-Құран. – Ыстамбул; 2015. – 125 б.

http://www.dar-alifta.org/ar/ViewFatwa.aspx?ID=14062&LangID=1&MuftiType=0.

Прозоров С. М. Ал-Батинийа. Ислам: энциклопедический словарь. – М.: Наука, 1991. – С. 38.

Абайдың қара сөздері // https://abai.kz/post/6.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ