«Ақпараттық жүйелер» мамандығының екінші курс студенттеріне кәсіби бағыттағы ағылшын тілін оқыту

Авторлар

  • Калдарова А.К. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Кілт сөздер:

кәсіби бағыттағы ағылшын тілі, шеттілдік кәсіби-коммуникативтік құзыреттілік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сөйлеу, тыңдау, жазу, оқу, дағдылар.

Аңдатпа

Бұл мақалада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің
(ХАТУ) IT саласындағы студенттердің шеттілдік кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып, кәсіби бағыттағы ағылшын тілін оқыту мәселелері қаралады. Мақалада ағылшын тілін оқытудың мақсаты студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту, яғни ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгеру ретінде сипатталған. Бұл жұмыста болашақ кәсіби қызмет үдерісінде де, одан әрі өзін-өзі тиімді оқыту кезеңінде де қолданысқа ие болатын жазбаша және ауызша қарым-қатынас қабілетін дамытуға байланысты кәсіби бағыттағы
ағылшын тілін оқытудың бірнеше әдістеріне талдау жасалады. Кәсіби бағыттағы ағылшын тілін оқытуда АКТ-ны қолданудың басты артықшылығы – ақпаратты берудің дәстүрлі ауызша әдістерінен аудиовизуалды әдістерге ауысу. Мақалада кәсіби бағыттағы ағылшын
тілін сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы оқытуға арналған жаттығулар жиынтығы ұсынылған. Сонымен қатар, мақалада жұмыстың әдіснамалық негізі ретінде эксперимент ұсынылды, ол шамамен жеті апта бойы жиырма жеті студенттермен офлайн режимінде жүргізілді. Зерттеуге кәсіби бағыттағы ағылшын тілі курсы ұсынылған екі STEM
(ғылым, технология, инженерия және математика) тобы қатысты. Курстың академиялық күнтізбесіне сәйкес, студенттерге аптасына үш сағат кәсіби бағыттағы ағылшын тілін сабақ өткізілді және олар Padlet, Microsoft Teams, Socrative және т.б. білім беру платформалары
мен сандық құралдарды қолдана отырып, тапсырмаларды орындады. Мақалада студенттердің аралық емтихандарсыз жеті аптадағы үздіксіз рейтингтегі үлгерімдеріне шолу жасалады. Осы зерттеу нәтижесіне жасалған талдау оқу бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу үшін таңдалған әдістеменің дұрыстығын растайды және қолданылған практикалық әдістер жоғары оқу орындарында кәсіби бағыттағы ағылшын тілін оқытуды дидактикалық тиімді және құнды етеді.

Әдебиеттер тізімі

REFERENCES

Об утверждении типового учебного плана общеобразовательных дисциплин для учреждений высшего и (или) послевузовского образования. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31.10.2018 г. №603. [On approval of the model curriculum of general education disciplines for institutions of higher and (or) postgraduate education. Order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan of 31.10.2018. №603]. [Electronic resource]. URL: http://adilet.zan.kz/eng/docs/V1800017651 [in Russian]

Maggs, P., Smith, C., Tennant A. Language Hub Elementary CEFR Mapping. – England: Macmillan Education Springer Nature Ltd., 2019. – 10 p.

Dudley-Evans T., & St John, M. Developments in ESP: A Multi-Disciplinary Approach. –Cambridge: Cambridge University Press, 1998. – 300 p.

Mohan B.A. Language and content. Reading, MA, Addison-Wesley, 1986. – 143 p.

Kaldarova A.K. Methodological Complex on Professional-Oriented Foreign Language Course. – Almaty: International Information Technology University, 2019. – P. 7–9. Retrieved from: https://dl.iitu.edu.kz/course/view.php?id=13642

Asabere N.Y. & Enguah S.E. Integration of expert systems in mobile learning // International Journal of Information and Communication Technology Research. – 2012. –N2 (1). – P. 55–61.

Kreijnsa K., van Acker F., Vermeulend M., & van Buuren H. What stimulates teachers to integrate ICT in their pedagogical practices? The use of digital learning materials in education // Computers in Human Behavior. – 2014. – N29(1). – P. 217–225. doi: 10.1016/j.chb.2012.08.008

Olejniczak Maja. English for Information Technology Level 1. Course Book. – Pearson: Longman, 2011. – 80 p.

Nakazawa K. The effectiveness of focused attention on pronunciation and intonation training in tertiary Japanese language education on learners' confidence // International Journal of Learning. – 2012. – N18 (4). – P. 181–192. Retrieved from http://hdl.handle.net/1959.14/195126

Merriam Webster Learner’s Dictionary [Electronic resource]. URL: http://dictionary.reference.com/browse/motivation

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ