Д. ИСАБЕКОВТІҢ «ЖАУЖҮРЕК» ДРАМАСЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ-КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ПАНОРАМАСЫ

Авторлар

  • Б. СҰЛТАНОВА Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

драматургия, акт, ремарка, реплика, тартыс, образдар, психологизм, пьеса.

Аңдатпа

Мақалада Д. Исабековтың «Жаужүрек» пьесасы қарастырылады, оның мысалында
қазақ драматургиясының дамуы, образдардың жасалуы, тартысты беру тәсілдері талданады. «Жаужүрек» пьесасының бас кейіпкері – Балуан Шолақ, оның көркем образын драматург оның тұлғасы туралы тарихи деректер негізінде жасаған. Драматургтың жанр шарттарын терең білетіндігі талдау арқылы тұжырымдалады.
Д. Исабеков пьесасының тақырыбы және оның көркемдік ерекшеліктері талданады. Бұл шығарма тақырыптық және көркемдік жағынан адам характерін аша білген шығарма. «Жаужүрек» пьесасында ХІХ ғасырдағы өнерпаз Балуан Шолақ арқылы халқымыздың басынан кешкен сан қилы тағдыры тарихи дәлдікпен, ерекше көркемдік қуатпен бейнеленген. Ұлттық мақтанышымыз болған ұлы қайраткер өмірі тарихи жағдайлармен сабақтаса берілген. Балуан Шолақ тағдырын уақыт ағынында бейнелейді. Тарихи шындық пен көркемдік шындық аралас жатыр. Драматург ел тағдыры мен ер тағдырын сюжет етіп алған. Шын мәнінде қазақты осыдан бір ғасыр бұрын толғандырған мәселелер бүгінгі қоғам үшін де өзекті екенін көреміз. Сондықтан пьеса көрерменін ойландырады, өмірдің мәніне бойлауға бастайды. Бұл шығарма – еліміздің рухани байлығы, мәдениеттің өлшемі.

Әдебиеттер тізімі

Біләл Е. «Жаужүрек» драмасы Лондонда сахналанды. [Электронды ресурс]. URL:

https://www.qazaqtimes.com/a

Исабеков Д. Өрілген өмір өрнегі. – Астана: Нұр-Астана, 2012. – 568 б.

Нұрғали Р. Драма өнері. – Алматы: Арда, 2009. – 592 б.

Сұлтанова Б. Мифтік көркем ойлау жүйесіндегі атамекен, туған жер, құтты қоныс

ұғымдары // VІ Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері симпозиумы. – Баку. – 13–15

маусым, 2019 ж.

Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2018. – 335 б.

Абай. Толық шығармалар жинағы. – Алматы: Мектеп, 2003. – 248 б.

Обаев Е. Исабеков әлемі // Қазақ әдебиеті. – 10.11.2017. – № 47.

Сығай Ә. Театр тағылымы. – Алматы: Өнер, 2013. – 200 б.

Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2012. – 310 б.

Сұлтанова Б.М. Қазақ драматургиясы және оның сыны (1920-жылдар): Монография. –

Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2017. – 208 б.

Каримова Г. Қазіргі қазақ драматургиясы және оны оқыту әдістемесі: филос. док. (PhD)

... дис. – Алматы, 2016. – 177 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ