ҚАЗАҚ МЕДИАМӘТІН ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ АНГЛИЦИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ (қазақ тіліндегі мерзімдік басылымдар негізінде)

Авторлар

  • Ж.М. Жусубалина М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Б.М. ТЛЕУБЕРДИЕВ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

англицизмдер, БАҚ, медиамәтін, семантикалық категория, мерзімдік басылым, жаңалықтар, айдар.

Аңдатпа

Бұл мақаланың авторлары қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы англицизмдердің таралуы, олардың медиамәтіндерде қолданылуын талқылайды. «Медиамәтін» термині қазақ ғылыми ортасында соңғы 10 жылда үлкен қызығушылыққа ие болып жатыр. Оның мұндай қызығушылыққа тап болуы бұқаралық коммуникация саласында тілдің қызметінің ерекшеліктері мен медиасөз мәселелерінің зерттелуіне ғалымдардың орасан зор мән беруіне негізделген. Қазақ тіліндегі мерзімдік басылымдар негізінде жасалған бұл зерттеу медиамәтіндегі кездесетін англицизмдерді талдап, сараптайды. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстандағы мерзімдік басылымдардан 3 танымал газет алынды. «Егемен Қазақстан», «Алматы ақшамы» және «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің 3 басылымы сараланып, англицизмдер кездескен мақалалар жинақталды. Англицизмдерді мақалаларды семантикалық категориялау тәсіліне сүйене ажыратып, олардың қандай (ұлттық әлде халықаралық жаңалықтарға арналған) мақалаларда жиі қолданылатыны талданады. Категориялар алдын ала құрастырылмайды, тек зерттеу барысында пайда болады. Зерттеу үдерісі кезінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне теориялық шолу жасалып, «медиамәтін», «англицизм» терминдеріне анықтама берілген. Зерттеудің теориялық бөлігі А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Р. Сыздық, Қ. Әбдуәли, Г. Досжан, Л.Г. Антонова, Т.Г. Добросклонская, А. Белл, Х. Готлеб, П. Хофсти, Т. Янсон сияқты отандық және шетелдік лингвист ғалымдардың еңбектеріне негізделген.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ