ТҮРКІ ӘЛЕМІНДЕГІ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІН АЙШЫҚТАЙТЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЛИНГВО-МӘДЕНИ АСПЕКТІСІ

Авторлар

  • А.М. ЕЛУБАЙ Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Н.Ә. АЛДАБЕК Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

әйел, концепт, мақал-мәтел, антропоцентризм, лингвомәдениеттану, стереотип.

Аңдатпа

Мақалада түркі тілдес екі халықтың (қазақ және түрік) мәдениетіндегі және тіліндегі мақал-мәтелдердегі «әйел» ұғымының мағыналық құрылымы талданады. «Әйел» концептісін айшықтайтын мақал-мәтелдерге салыстырмалы және лингво-мәдениеттанымдық талдау жасалынды. Екі ұлттың әйел затына қатысты когнитивтік ерекшеліктері сараланып талқыланды. Авторлардың пікірінше, қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани қазынасы мен тіл байлықтарын туыстас тілдер лексикасындағы тілдік бірліктермен салыстыра зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Зерттеудің өзектілігі лингво-мәдениеттанымдық аспектіде қарастырғанда, тілдің коммуникациялық және танымдық қызметінен бөлек, тілді мәдениет пен өркениет ұғымдарымен бірлікте және сабақтастықта қарастыру, тұтас әлем, ұлттық ерекшеліктер жайында құнды мағлұмат беретін ұлттық мәдени ақпарат көзі ретінде танумен байланысты. Зерттеудің мақсаты қазақ және түрік тілдеріндегі «әйел» ұғымдарының тілдік көрінісін лексикалық деңгейде талдау, олардың концептуалды ерекшеліктері мен қызмет ету ерекшеліктерін анықтау. Жұмыста сипаттама-аналитикалық, лексикалық және концептуалды талдау, тілдік-мәдени талдау және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Қазіргі кезде тілші ғалымдардың зерттеулерінде әйел концептісінің мазмұны айшықталып, әр қырынан қарастырылып келді.
Сонымен қатар мақалада «әйел» ұғымының концептуалды, бейнелік және құндылық құрамдас бөліктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары ашылады. «Әйел» ұғымы қоғамның әділ жынысқа деген көзқарасын білдіреді, сондықтан қазақ және түрік этностарында әйелге үй иесі, әйел, ана, ене рөлі жүктеледі. Түрік мақал-мәтелдері әйелдердің еңбекқорлығын, төзімділігін, мейірімділігін көрсетеді. Қазақ халқы әйел затында да еңбекке ұқыптылықты, жайдарылықты, қонақжайлықты жоғары бағалайды. Екі этнос та әйелдің мінезі мен адамгершілік қасиеттерін әйел сұлулығынан жоғары қояды. Қазақ және түрік этностарының лингвистикалық мәдениеттерінде әйелдік сөйлегіштік, жалқаулық, сараңдық, өтірік, мақтаншақтық айыпталған. Туыстас екі тілді салыстыру барысында әрбір тіл мәдениетінің ортақ белгілерімен қоса өзіндік ерекшеліктері де ашылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ