ИСПИДЖАБ – ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ФИҚҺ ОРТАЛЫҒЫ (ХІ–ХІІ ғғ.)

Авторлар

  • Б. ИЛЕСБЕКОВ Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Кілт сөздер:

мәзһаб, құқық, фиқһ, шариғат, ғұмырнама, қолжазба, мухтасар, шарх.

Аңдатпа

Мақалада Испиджаб фиқһ мектебінің орны мен маңыздылығы, ислам құқығына қосқан үлесі жайлы сөз қозғалады. Испиджаб ХІ–ХІІ ғасырларда Қазақстан исламтануының негізгі орталықтарының бірі болды. Осы екі ғасыр аралығында Испиджабта ханафи мәзһабы бойынша өзіндік фиқһ мектебі қалыптасты. Бұл ретте аталған фиқһ мектебінің өкілдері, олардың ұстаздары мен шәкірттері, жазған еңбектері мен ғылымдағы дәрежелері баяндалады. Атап айтар болсақ, Испиджаб ғалымдарының бүгінге дейін жеткен қолжазба еңбектері тарихи және текстологиялық тұрғыдан зерттеліп, өз авторларына телінеді. Қолжазба еңбектердің классификациясы жасалып, олардың әрқайсысына сипаттама беріледі. Сонымен қатар «Мухтасар әт-Тахауи» мәтіні аясындағы Испиджаб ғалымдарының жалғасымды зерттеу жұмысының нәтижесі көрсетіледі. Бұл ретте Ахмад ибн Мансур мен Али ибн Мухаммад деп аталатын екі испиджабтық ғалымның «Шарх Мухтасар әт-Тахауи» еңбектері бірқатар критерийлер бойынша салыстырыла отырып, олардың өзіндік айырмашылықтары айқындалды. Аталған қолжазба еңбектерді зерттеу барысында пайда болған сандық және сапалық көрсеткіштер арқылы Испиджаб фиқһ мектебінің басқа мектептерден ерекшелігі көрсетіледі.

Әдебиеттер тізімі

Байпаков К.М. Древняя и средневековая урбанизация Казахстана (по материалам исследований Южно-Казахстанской комплексной археологической экспедиции). – 1-том. – Алматы, 2012. – 390 с.

Байтанаев Б.А. Древний и средневековый Испиджаб: дисс. на соискание ... докт. истор. наук. – Алматы: 2008. – 305 с.

Фуат Сезгин. Тарих әт-турас әл-араби. – 3-том. – Сауд Арабия: «Жамиғат әл-имам Мухаммад ибн Суғуд әл-исләмия», 1991. – 622 б.

Исмаил ибн Мұхаммед Амин әл-Бағдади. Хадияту әл-Арифин әсмә әл-муәлләфин уа әсәр әл-мусаннафин. – Ливан: «Дәру ихия әт-турас әл-араби», 1951. – 2-том.

Нәжмуддин Омар ибн Мухаммад Әбу Хафс ән-Нәсәфи. Әл-Қанд фи зикри уләмәи Самарқанд. – Иран: «Мират әт-турас», 1999. – 885 б.

Хусамуддин Әбу-л-Мафахир Омар ибн Бурһан әл-Әжәлл әл-Испиджаби. Китаб әл-Мухтасар фи-л-хилафиат. Қолжазба: Станбул: Fatih Kutuphanesi 2130. 311 парақ.

Муминов А.К. Ханафитский мазхаб в истории Центральной Азии. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2015. – 400 с.

Махмуд ибн Сулайман әл-Кафауи. Ката`ибу ағлам әл-ахиар мин фуқаһа`и мәзһаб ән-Нуғман әл-Мухтар. Түркия: (Қолжазба) Milli eitim bakanligi, №887. – 858 б.

Ахмад ибн Мансур әл-Испиджаби. Мухтасар Шарх Мухтасар әл-Кархи ли әл-Қудури. Қолжазба: Станбул: Murat Molla Halk kutuphanesi 904 / 184 парақ.

Баһауддин Мухаммад ибн Ахмад ибн Юсуф әл-Испиджаби. Шарх Мухтасар әл-Қудури. Қолжазба: Станбул: Suleymanie kutuphanesi / Hafid Efendi 75 / 285 парақ.

Мухаммад ибн Ахмад әл-Испиджаби әл-Хужанди. Шарх әл-Жәмиғ әс-Сағир. Қолжазба: Станбул: Suleymanie kutuphanesi / Fatih 1695 / 201 парақ.

Али ибн Мухаммад әл-Испиджаби. Шарх әл-Жамиғ әл-Кабир. Қолжазба: Станбул: Murat Molla Halk kutuphanesi 858 / 304 парақ.

Абу Жағфар әт-Тахауи / тахқиқ жасаған: Әбу-л-Уафа әл-Афғани. Мухтасар әт-Тахауи. Индия: «Лажнату ихия әл-мағариф ән-нуғмания», 1986.

Мухаммад ибн Яғқуб ибн Мухаммад әл-Фаирузабади. Әл-Мирқату-л-Уафия фи табақат әл-ханафия. Қолжазба: Медине Ислам Университеті / Қолжазбаларды суретке түсіру бөлімі 909 / 210 парақ.

Али ибн Мухаммад әл-Испиджаби. Шарх Мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: Suleymanie kutuphanesi / Sehid Ali Pasa 816 / 211 парақ.

Wilferd Madelung. The Westward Migration of Hanafi Scholars From Central Asia in the 11th to 13th Centuries. AUIFD Cilt XLIII (2002) Sayi 2 s. 41–55.

Камалуддин Ибн әл-Фуати әш-Шайбани. Муғжам әл-әдәб фи муғжам әл-алқаб. – Иран: «Муассасату-т-тибаға уа-н-нашр», 1993. – 3-том.

Али ибн Мухаммад әл-Испиджаби. Шарх мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: Millet Genel kutuphanesi / Y. Carulla, 683 / 336 парақ. 581 жыл.

Али ибн Мухаммад әл-Испиджаби. Шарх Мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: Millet Genel kutuphanesi / Y. Carulla, 682 / 172 парақ. 870 жыл.

Ахмад ибн Мансур әл-Испиджаби. Шарх Мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: Kuprulu kutuphanesi / Fazil Ahmed Pasha, 588 / 380 парақ.

Ахмад ибн Мансур әл-Испиджаби. Шарх Мухтасар Мәуләнә Әби Жағфар әт-Тахауи. Қолжазба: Принстон: Princeton University Library 628 / 216 парақ.

Абдулла ибн Мушаббаб ибн Мусфир әл-Қахтани. Шарх Мухтасар әт-Тахауи лил Қади: Әбу Насыр Ахмад ибн Мансур әл-Исбижаби (һ. 480 қ.б.) мин бидәяти китәб қитәл әһл әл-бағи илә ниһәяти бәб кәйфият әл-истихләф уа әд-дағуа / салыстырмалы фиқһ бойынша докторлық дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертация. – Судан: «Омдурман университеті», 2012. ‒ 488 б.

Али ибн Мухаммад әл-Испиджаби. Шарх Мухтасар әт-Тахауи. Қолжазба: Станбул: Suleymanie kutuphanesi / Sehid Ali Pasa 815 / 228 парақ.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ