ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ КҮЛБІЗІК ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Авторлар

  • О. БЕКЖАН Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Есік жазуы, Ертіс, көне жазулар, мөр, құмыра қақпағы.

Аңдатпа

XIX ғасырдың жартысынан бері қарай Қазақстан аймағынан да жер бетінен және археологиялық қазбалардан күміс кесе, білезік, қола айна сияқты заттарға жазылған жазулар көптеп табыла бастады. Қазіргі кезде бұндай көктүрік бітік жазуларының саны жылдан жылға молайып келеді. Ең алғаш бұларды жинап, оқып мағынасын ашуға әрекеттенген ғалымымыз А. Аманжолов еді. Ол Қазақстан аймағынан табылған жазбаларды жергілікті жеріне қарай Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық жазулары деп топтастырды. Археологиялық қазбадан табылған жазба ескерткіштердің ішіндегі ең құндысы Есік қаласынан табылған күміс тостағандағы жазу болды. Есік жазуы туралы бұрынғы орыс ғылым академиясының тіл мамандары жазуды өздері оқып, түсіндіріп дәлелдер келтірместен бірден иран тілдес болуы керек деп тұжырым жасаған. Бұл пікірмен келіспеген қазақ ғалымдары бұл жазба ескерткішті көне түркі тілінде оқи бастады. Біз солардың бәрін салыстырып, өз оқуымызды 1993 жылы ұсындық. Содан 2009 жылға дейін үш рет жаңартылып, толықтырылып оқылды. Ертіс жазба ескерткіштерінің бірінде арақ-шараптың адам өміріне қауіптілігі айтылады. Ал екіншісінде тау шатқалындағы табиғи ауаның салқындығы сөз болады. Жетісу аймағынан табылған жазбаларда аңшылық оқиғаларына көңіл бөлінген. Онда тау аңы таутекенің мінезі, сақтық қасиеті жазылған. Сондай-ақ талғар жазуында жіп иіру кәсібі, Әулие ата аймағынан табылған жазуларда мөрге «сөзім» деп жазылса, үлкен тасқа Қарахан елінің алыптығы туралы жазылған. Ал Сырдария жазуында Сырдария өзенінің алыптығы сөз болған.

Әдебиеттер тізімі

Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуының генезисі. – Астана: Арыс, 2007. – 301 б.

Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. – Алматы: Ғылым, 1990. – 220 б. 3. Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. – Алматы: ЗАО Издательство «Мектеп», 2003. – 368 с.

Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. – М.–Л.: Изд. АН СССР, 1959. – 111 с.

Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников VII–IX вв. – Ленинград: Наука, 1980. – 256 с.

Стейн А. Ырық бітіг. [Электронды ресурс]. URL: https://ru.wikipedia.org/wiki/

Айдаров Ғ. Язык Орхонских памятников древнетюркской письменности. – Алма-Ата: 1972. – 271 с.

Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – М.–Л.: Изд. АН СССР, 1951. –452 с.

Бекжан О. Есік жазуына 2009 жылғы түзетпе және ондағы жаңа ұсақ жазудың мағынасы. // Түркология. – 2010. – №1–2. – Б. 3–35.

Бекжан О. Қанқ елінің жазуы. Күлтөбе–ІV жазуы // Түркология. – 2008. – №1–2. – Б. 3–31.

Акишев К. Курган Иссык. – М., 1978. – С. 115.

Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 256 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ